Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 29.11.2018
Актуарлық қызметті жүзеге асыру, актуарлық қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия беру, актуарийдің біліктілік емтиханын тапсыру, актуарийдің қызметін тексеру үшін тәуелсіз актуарийді тарту, тәуелсіз актуарийдің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында тұрған актуарий жүргізген есептеулердің шынайылығын тексеру нәтижелерін жіберу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 151 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 2 қыркүйекте № 9718 тіркелді
Осы Қаулы күшін жойды 2018 жылғы 29 қарашадан бастап ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 жылғы № 191 Қаулысына сәйкес
Редакция 24.12.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Актуарлық қызметті жүзеге асыру, актуарлық қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия беру, актуарийдің біліктілік емтиханын тапсыру, актуарийдің қызметін тексеру үшін тәуелсіз актуарийді тарту, тәуелсіз актуарийдің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында тұрған актуарий жүргізген есептеулердің шынайылығын тексеру нәтижелерін жіберу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.  
Қазақстан Республикасының
 Ұлттық Банкі Басқармасының
 2014 жылғы 16 шілдедегі
 № 151 қаулысымен
 бекітілген
Актуарлық қызметті жүзеге асыру, актуарлық қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия беру, актуарийдің біліктілік емтиханын тапсыру, актуарийдің қызметін тексеру үшін тәуелсіз актуарийді тарту, тәуелсіз актуарийдің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында тұрған актуарий жүргізген есептеулердің шынайылығын тексеру нәтижелерін жіберу 
қағидалары
1. Осы Актуарлық қызметті жүзеге асыру, актуарлық қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия беру, актуарийдің біліктілік емтиханын тапсыру, актуарийдің қызметін тексеру үшін тәуелсіз актуарийді тарту, тәуелсіз актуарийдің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында тұрған актуарий жүргізген есептеулердің шынайылығын тексеру нәтижелерін жіберу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және актуарлық қызметті жүзеге асыру, актуарлық қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия (бұдан әрі - Лицензия) беру, актуарийдің біліктілік емтиханын тапсыру, актуарийдің қызметін тексеру үшін тәуелсіз актуарийді тарту, тәуелсіз актуарийдің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында тұрған актуарий жүргізген есептеулердің шынайылығын тексеру нәтижелерін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі - уәкілетті орган) жіберу тәртібін, сондай-ақ тізбе мен халықаралық актуарийлер қауымдастығына қойылатын талаптарды айқындайды.
2. Актуарлық қызмет актуарлық қызметті жүзеге асырудың халықаралық қағидаттары (стандарттары) ескеріле отырып, Заңға сәйкес жүзеге асырылады.  
3. Уәкілетті орган берген Лицензиясы бар жеке тұлға актуарий ретінде қызмет етеді.  
4. Актуарлық қызметтің міндеті сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық орнықтылығы мен төлем қабілеттілігінің қажетті деңгейін қамтамасыз ету мақсатында сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелер мөлшерін экономикалық-математикалық есептеуді жүзеге асыру болып табылады.  
1) сақтандыру резервтерін қалыптастыру әдістері мен көздері жөнінде консультациялар және ұсынымдар;  
2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық орнықтылығы мен төлем қабілеттілігін бағалауға байланысты мәселелер;  
3) сақтандыру тарифтерін есептеу методологиясын және экономикалық негіздеуді әзірлеу;  
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында қабылданған сақтандыруды жіктеуге сәйкес сақтандыру тәуекелдерін зерттеу және жүйелеу;  
Полная версия
ИС BestProfi