Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің кейбір мәселелері
Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 6 қазандағы № 922 Жарлығы
«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңының 21-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы» 1995 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1.Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің нышаны Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің эмблемасы болып белгіленсін.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туының;
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі эмблемасының бейнесі мен сипаттамасы бекітілсін.
1)Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің туы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының кабинетінде орнатылады. Ту үй-жайдан әскерлердің шеруіне, жеке құрамның қатысуына байланысты іс-шараларға және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қатысуына байланысты барлық қажетті жағдайларда алып шығарылады (тігіледі);
2)Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің эмблемасы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қызметтік ғимараттарында орнатылады;
3)Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының бұйрықтарымен және өзге де нормативтік актілерімен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі нышандарының бейнесін пайдаланудың және міндетті қайта жаңғыртудың басқа да жағдайлары көзделуі мүмкін.
4.Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің нышандарын дайындауды бюджетте Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметін ұстауға бөлінетін қаражат есебінен Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарын дайындайтын кәсіпорындар жүзеге асырады деп белгіленсін.
5.Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
6.Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2014 жылғы 6 қазандағы
№ 922 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туының бейнесі
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туының
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туы қос бүктелген креп-сатиннен (файдан) жасалған және үш жақтан алтын түстес жібек оқамен көмкерілген көгілдір түсті тік бұрышты жалпақ матадан тұрады. Тудың орталық бөлігінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің кіші эмблемасы - аппликация жолымен жасалған алтын түсті жақтаушадағы қара көк түсті жеті бұрышты сұлбалық жұлдыз бейнеленген, оның ақ түсті алаңының орталығында алтын түсті жақтаушадағы көгілдір түсті бес бұрышты жұлдыз орналасқан. Бес бұрышты жұлдыздың ішінде Мемлекеттік тудың элементтері - күн мен оның астында қалықтап ұшқан қыранның алтын түстес бейнесі орналасқан.
Полная версия
ИС BestProfi