«Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 28 қарашадағы № 438 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2013 - 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 78 қаулысы
Редакция 30.12.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2013 - 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Жоспардың орындалуын үйлестіруді қамтамасыз етсін.
3. Орталық және жергілікті атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың (келісім бойынша) бірінші басшылары Жоспарда көзделген іс-шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етсін және жыл сайын 15 қаңтарға және 15 шілдеге қарай Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігіне оның орындалу барысы туралы ақпарат берсін.
4. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі жыл сайын 1 ақпанға және 1 тамызға қарай Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат берсін.
4-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 27.10.2014 жылғы № 1139 Қаулысымен (31.01.2013 ж. редакцияны қараңыз)
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Б.Ә. Сағынтаевқа жүктелсін.
5-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 27.10.2014 жылғы № 1139 Қаулысымен (31.01.2013 ж. редакцияны қараңыз)
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 78 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2013 — 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары
Жоспар өзгертілді ҚР Үкіметінің 27.10.2014 жылғы № 1139 Қаулысымен (31.01.2013 ж. редакцияны қараңыз) Жоспар өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.12.2014 жылғы № 1401 Қаулысымен (27.10.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.01.2015 жылы № 5(28483) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Р/с | Іс-шаралар атауы | Аяқталу нысаны | Орындауына (іске асырылуына) жауаптылар | Орындау (іске асыру) мерзімі | Болжанатын шығыстар (мың. теңге) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Бірінші кезең (2013 - 2014 жылдар) - басқарудың төменгі деңгейлеріндегі қолданыстағы жүйенің әлеуетін кеңейту | |||||
1. Жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық базаны жетілдіру | |||||
1. | Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі жұмыс тобын құру | ӨДМ-нің бұйрығы | ӨДМ, ЭБЖМ, Қаржымині, Әділетмині, ІІМ, МАМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, ОСК (келісім бойынша), ҚХАХ (келісім бойынша), ЭЗИ АҚ (келісім бойынша), «Нұр Отан» ХДП Парламентаризм институты (келісім бойынша), ҚР ЗИ (келісім бойынша) | 2013 жылғы | талап етілмейді |
2. | Мыналар: | Қазақстан Республикасы Заңының жобасына ӨДМ-ге ұсыныстар |
|
|
|
1) | халықтың жиналыстары мен жиындарын қалыптастырудың, өткізудің және олардың шешім қабылдау тәртібі мен өкілеттігін айқындау; | Әділетмині, ЭБЖМ, МАМ, ӨДМ, облыстардың әкімдері, ҚР ЗИ (келісім бойынша), «Нұр Отан» ХДП Парламентаризм институты (келісім бойынша), ҚХАХ (келісім бойынша) | 2013 жылғы | талап етілмейді | |
2) | жергілікті халықтың жергілікті маңызы бар проблемаларды шешуге бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуына мониторингке қатысу құқығын беру; | Қаржымині, ЭБЖМ, ӨДМ, Әділетмині, облыстардың әкімдері | 2013 жылғы | талап етілмейді | |
3) | селолық округтердің, селолардың, кенттердің, аудандық маңызы бар қалалардың әкімдеріне жеке кіріс көздерін қалыптастыру; | Қаржымині, ЭБЖМ, ІІМ, облыстардың әкімдері | 2013 жылғы | талап етілмейді | |
4) | селолық округтердің, селолардың, кенттердің, аудандық маңызы бар қалалардың әкімдері аппараттарының қазынашылық органдарда арнайы шоттарын ашу; | Қаржымині, облыстардың әкімдері | 2013 жылғы | талап етілмейді | |
5) | селолық округтердің, селолардың, кенттердің, аудандық маңызы бар қалалардың әкімдеріне аудандық коммуналдық меншіктің бір бөлігін беру бойынша ұсыныстар әзірлеу | ЭБЖМ, Қаржымині, облыстардың әкімдері | 2013 жылғы | талап етілмейді | |
3. | Мыналарды: | Қазақстан Республикасы Заңының жобасы | ӨДМ, ЭБЖМ, Қаржымині, Әділетмині, ҚР ЗИ (келісім бойынша), ІІМ, «Нұр Отан» ХДП Парламентаризм институты (келісім бойынша), ҚХАХ (келісім бойынша), жергілікті өкілді органдар (келісім бойынша), жергілікті атқарушы органдар | 2013 жылғы | талап етілмейді |
4. | 2015 жылға дейінгі аудандарды дамыту бағдарламаларына халықтың бірінші кезектегі қажеттіліктерін шешуге бағытталған кіші бөлім қосу жөнінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу | аудандар мәслихаттарының шешімдері | аудандардың әкімдері | «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданғаннан кейін бір ай мерзімде | талап етілмейді |
2. Аудандар (қалалар) мәслихаттарының аудандық маңызы бар қалалар, селолық округтер, селолық округтер құрамына кірмейтін селолар әкімдерін сайлауын енгізу | |||||
1. | Сайлау болатын әкімшілік-аумақтық бірліктерді айқындау | Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігіне ақпарат | ОСК (келісім бойынша), облыстардың әкімдері | 2013 жылғы | талап етілмейді |
2. | «Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалар, селолық округтер, селолар, кенттер әкімдерінің сайлауын өткізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасын әзірлеу және енгізу | Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасы | ОСК (келісім бойынша), Әділетмині, ЭБЖМ, Қаржымині, ӨДМ | 2013 жылғы | талап етілмейді |
3. | 2013 жылы Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалар, селолық округтер, селолық округтерінің құрамына кірмейтін селолар, кенттер әкімдерінің сайлауын өткізуге шығыстар бойынша қаржылық-экономикалық есептер мен негіздемелерді дайындау және ұсыну | Қаржыминіне ақпарат | ОСК (келісім бойынша), ЭБЖМ, ӨДМ, СА, облыстардың әкімдері | 2013 жылғы | талап етілмейді |
4. | 2013 жылы Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалар, селолық округтер, селолық округтерінің құрамына кірмейтін селолар, кенттер әкімдерінің сайлауын өткізуге байланысты іс-шараларды қаржыландыру көздері туралы мәселені қарау | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс | ЭБЖМ, Қаржымині, ӨДМ, ОСК (келісім бойынша), облыстардың әкімдері | 2013 жылғы | талап етілмейді |
5. | Қазақстан Республикасы аудандық маңызы бар қалалар, селолық округтер, селолық округтерінің құрамына кірмейтін селолар, кенттер әкімдерінің сайлауын өткізу | Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігіне ақпарат | ОСК (келісім бойынша), облыстардың әкімдері | 2013 жылғы | осы жоспардың 4-тармағына сәйкес бюджет қаражаты шегінде |
3. Кіші бөлім алынып тасталды (ескертуді қараңыз) |
Екінші кезең (2015 - 2020 жылдар) - жергілікті өзін-өзі басқаруды одан әрі дамыту | |||||
4. Жергілікті өзін-өзі басқаруды одан әрі дамыту | |||||
1. | 1.Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасының екінші кезеңін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына ұсыныстар енгізу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ҰЭМ, Әділетмині, Қаржымині, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, ҚР ЗИ (келісім бойынша), ЭЗИ АҚ (келісім бойынша), «Нұр Отан» партиясының ҚСИ (келісім бойынша) | 2015 жылғы 1-жарты жылдық | талап етілмейді |
2. | «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының іске асырылуын: | ҰЭМ-ге талдамалық жазба | ҰЭМ, Қаржымині, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | жыл сайын наурыз | талап етілмейді |
1) | ауылдық округтер, ауылдар, кенттер, аудандық маңызы бар қалалар әкімдерінің меншікті кірістерінің көздерін қалыптастыру; | ||||
2) | халықтың жиындары мен жиналыстарын өткізу, олардың өкілеттіктері және шешім қабылдауы; | ||||
3) | жергілікті маңызы бар проблемаларды шешуге бөлінген бюджеттік қаражаттың пайдаланылуын мониторингтеуге жергілікті тұрғындардың қатысуы бөлігінде талдау | ||||
3. | Заңнаманы жетілдіру, оның ішінде қала әкімінің тұрғындармен Заңда айқындалған тәртіппен қоғамдық тәртіптің сақталуын және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық қызметтердің тиісінше жұмыс істеуі, елді мекендердегі санитариялық жағдай мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасауы үшін мәслихаттарға қоғамдық құрылымдар (комитеттер, кеңестер және басқа да) құру құқығын бекіту мәселесі бойынша ұсыныстарды әзірлеу үшін Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасының бірінші кезеңінде көзделген шаралардың іске асырылу барысы туралы өңірлердің тәжірибесін өңірлерге шыға отырып зерделеу | ҰЭМ-ге талдамалық жазба | ҰЭМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, ҮЕҰ (келісім бойынша) | 2014 жылғы қараша | талап етілмейді |
4. | Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу үшін жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша озық халықаралық тәжірибені шетелдік мемлекеттерге шыға отырып зерделеу | ҰЭМ-ге талдамалық жазба | ҰЭМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, ҮЕҰ (келісім бойынша) | 2014-2016 жылдар | ҮЕҰ қаражаттары есебінен |
5. 1) | Мыналарды: қала әкімінің тұрғындармен Заңда айқындалған тәртіппен қоғамдық тәртіптің сақталуын және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық қызметтердің тиісінше жұмыс істеуі, елді мекендердегі санитариялық жағдай мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасауы үшін мәслихаттарға қоғамдық құрылымдар (комитеттер, кеңестер және басқа да) құру құқығын бекітуді; | Қазақстан Республикасының Заңы жобасының тұжырымдамасы | ҰЭМ, Қаржымині, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, ҚР ЗИ (келісім бойынша), ЭЗИ АҚ (келісім бойынша), «Нұр Отан» партиясы ҚСИ (келісім бойынша) | 2014 жылғы қараша | талап етілмейді |
2) | салықтардың, алымдардың және басқа да міндетті төлемдердің бір бөлігін жергілікті басқару деңгейіне беру арқылы жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қаржылық дербестігін кеңейтуді; | ||||
3) | жергілікті өзін-өзі басқару органдарының меншігін қалыптастыру арқылы | ||||
4) | облыстық және аудандық деңгейлердегі атқарушы органдардың іске асыру функцияларын оңтайландыру есебінен басқарудың төменгі деңгейіндегі әкімдердің өкілеттіктерін кезең-кезеңмен кеңейтуді көздейтін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жобасының тұжырымдамасын әзірлеу | ||||
6. | Жергілікті атқарушы органдарға қатысты Қазақстан Республикасы ҰЭМ, Қаржымині, 2015 жылғы мәслихаттардың, жергілікті халықтың жиындары мен жиналыстарының бақылау функцияларын күшейту бөлігінде Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды одан әрі дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат | ҰЭМ, Қаржымині, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, жергілікті өкілді органдар (келісім бойынша), «ҚМДБ» РҚБ (келісім бойынша), ҮЕҰ (келісім бойынша) | 2015 жылғы наурыз | талап етілмейді |
7. | Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қаржылық және экономикалық дербестігінің берік негізін жасауды көздейтін Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасының екінші кезеңін іске асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу | Қазақстан Республикасы Заңының жобасы | ҰЭМ, Қаржымині, ҚР ЗИ (келісім бойынша), «Нұр Отан» партиясының ҚСИ (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, ҮЕҰ (келісім бойынша) | 2015 жылғы 1 қыркүйек | талап етілмейді |
8. | Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қаржылық және экономикалық дербестігінің берік негізін жасауды көздейтін Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасының екінші кезеңін іске асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізу | Қазақстан Республикасы Заңының жобасы | ҰЭМ, Қаржымині, ҚР ЗИ (келісім бойынша), «Нұр Отан» партиясының ҚСИ (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, ҮЕҰ (келісім бойынша) | 2015 жылғы қараша | талап етілмейді |
9. | Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасының екінші кезеңін және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының іске асырылу барысын талдау | ҰЭМ-ге талдамалық жазба | ҰЭМ, Қаржымині, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | 2016 жылғы ақпан | талап етілмейді |
10. | Мектепке дейінгі және орта білімді ұйымдастыру бойынша функцияларды беру бөлігінде басқарудың төменгі деңгейіндегі әкімдердің өкілеттіктерін кеңейту бойынша халықаралық тәжірибені зерделеу және ұсыныстар әзірлеу | ҰЭМ-ге талдамалық жазба | ҰЭМ, БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, ҚР ЗИ (келісім бойынша), ҮЕҰ (келісім бойынша) | 2017 жылғы қаңтар | талап етілмейді |
11. | Әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт ұйымдары объектілерін ұстауды ұйымдастыру мәселелері бойынша функцияларды басқарудың төменгі деңгейіндегі әкімдерге беру мәселесі бойынша халықаралық тәжірибені зерделеу және ұсыныстар әзірлеу | ҰЭМ-ге талдамалық жазба | ҰЭМ, ДСӘДМ, МСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, ҚР ЗИ (келісім бойынша), ҮЕҰ (келісім бойынша) | 2018 жылғы шілде | талап етілмейді |
12. | Ауылдық округтер деңгейінде әкімшілік-аумақтық бірліктерді оңтайландыруды жүргізу мүмкіндігі туралы ұсыныстар әзірлеу (толыққанды жергілікті өзін-өзі басқаруды қалыптастыру үшін әлеуетті ұлғайту мақсатында) | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ҰЭМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | 2018 жылғы шілде | талап етілмейді |
13. | Облыстық маңызы бар қалалар, облыс аудандары және қалалардағы аудандар әкімдерінің сайланбалылығын енгізу мүмкіндігі туралы мәселені зерделеу және пысықтау | ҰЭМ-ге талдамалық жазба | ҰЭМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, ҚР ЗИ (келісім бойынша), «Нұр Отан» партиясының ҚСИ (келісім бойынша) | 2018 жылғы шілде | талап етілмейді |
14. | Облыс-аудан, аудан-ауыл деңгейлері бойынша жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару функцияларының аражігін одан әрі ажырату бойынша (функцияларды бере отырып) ұсыныстар әзірлеу | ҰЭМ-ге талдамалық жазба | ҰЭМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | 2019 жылғы шілде | талап етілмейді |
15. | Жергілікті өзін-өзі басқарудың бюджеті мен мүлкін қалыптастыру, өкілді органын құру және ұйымдастыру мүмкіндігі, олардың құқықтық мәртебесі туралы ұсыныстар әзірлеу | ҰЭМ-ге талдамалық жазба | ҰЭМ, Әділетмині, Қаржымині, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | 2019 жылғы шілде | талап етілмейді |
16. | Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасының екінші кезеңінің іске асырылу барысын талдау және жергілікті өзін-өзі басқаруды одан әрі дамыту үшін ұсыныстар әзірлеу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ҰЭМ, Қаржымині, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | 2019 жылғы шілде | талап етілмейді |
5. Ақпараттық-насихаттау қызметі | |||||
1. | Өзін-өзі басқаруды жүзеге асыруға құқықтар мен мүмкіндіктерді іске асыру мәселелері бойынша халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу | Дөңгелек үстелдер, семинарлар өткізу, БАҚ-та сөз сөйлеу | ҰЭМ, ИДМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | жыл сайын | жергілікті бюджет қаражатының шегінде |
2. | Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасының екінші кезеңін іске асырудың негізгі ережелерін түсіндіру жөніндегі іс-шаралар (халықпен кездесулер өткізу) | Семинарлар өткізу, БАҚ-та сөз сөйлеу | ҰЭМ, ИДМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | жыл сайын | жергілікті бюджет қаражатының шегінде |
3. | Жергілікті өзін-өзі басқарудың негізгі тұжырымдамалық бағыттарын және ерекшеліктерін түсіндіру мәселелері жөніндегі дөңгелек үстелдер өткізуді ұйымдастыру | Семинарлар өткізу | ҰЭМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | жыл сайын | жергілікті бюджет қаражатының шегінде |
4. | Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқару тұжырымдамасының негізгі ережелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық материалдарды жариялау (мақалалар, сұхбат, сөз сөйлеу және басқа да) | БАҚ-та жарияланым | ҰЭМ, ИДМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | жыл сайын | мемлекеттік ақпараттық тапсырыс шеңберінде |
5. | Жергілікті өзін-өзі басқару туралы заңнаманың негізгі ережелерін практикада қолдану мәселелері бойынша жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жүйелі түрде консультативтік және әдістемелік көмек көрсетуді ұйымдастыру | Жергілікті өзін-өзі басқару органдарына әдістемелік көмек | ҰЭМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | жыл сайын | талап етілмейді |
6. | Өңірлердің оң тәжірибесін және жергілікті өзін-өзі басқару органдары жұмысының үздік практикасын тарату | БАҚ-та жарияланым | ҰЭМ, ИДМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | жыл сайын | талап етілмейді |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
Ескертпе өзгертілді ҚР Үкіметінің 27.10.2014 жылғы № 1139 Қаулысымен (31.01.2013 ж. редакцияны қараңыз) Ескертпе өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.12.2014 жылғы № 1401 Қаулысымен (27.10.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.01.2015 жылы № 5(28483) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
ӨДМ - Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі
ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
ІІМ - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
МАМ - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
ОСК - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы
ҚХАХ - Қазақстан халқы Ассамблеясының Хатшылығы
ҚР ЗИ - «Қазақстан Республикасының Заңнама институты» ММ
«ЭЗИ» АҚ - «Экономикалық зерттеулер институты» акционерлік қоғамы
«Нұр Отан» ХДП Парламентаризм институты - «Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясының Парламентаризм институты
ҰЭМ - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
ДСӘДМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі
МСМ - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі
ИДМ - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі
«Нұр Отан» партиясының ҚСИ - «Нұр Отан» партиясының қоғамдық саясат институты
«ҚМДБ» РҚБ - «Қазақстанның мәслихат депутаттарының бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігі
ҮЕҰ - үкіметтік емес ұйымдар
БАҚ — бұқаралық ақпарат құралдары