Близость слов: Окончание:





2015 - 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 28 қарашадағы № 259-V Заңы
Редакция 11.07.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-бап. 2015 – 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2015 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1-бап өзгертілді ҚР 11.03.2015 жылғы № 290-V Заңымен (28.11.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап)
1-бап жаңа редакцияда жазылды ҚР 30.11.2015 жылғы № 425-V Заңына сәйкес (11.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап)
1) кірістер – 5 806 766 099 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша – 3 012 966 049 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша – 151 440 677 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 9 758 247 мың теңге;
трансферттер түсімдері бойынша – 2 632 601 126 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 77 386 247 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 190 765 812 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 113 379 565 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 181 292 385 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 182 652 385 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 1 360 000 мың теңге;
5) тапшылық – -1 257 716 778 мың теңге немесе елдің ішкі жалпы өнімінің 3 пайызы;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру – 1 257 716 778 мың теңге.
2-бап. 2015 жылға арналған республикалық бюджетте Ресей Федерациясының «Байқоңыр» кешенiн пайдаланғаны үшін 26 568 354 мың теңге сомасында және әскери полигондарды пайдаланғаны үшін 5 136 648 мың теңге сомасында жалдау ақыларының түсiмдері көзделсiн.
2-бап жаңа редакцияда жазылды ҚР 30.11.2015 жылғы № 425-V Заңына сәйкес (11.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап)
3-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жiберiлетiн 2015 жылға арналған бюджетке түсетiн түсiмдердiң көлемi  4-қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
4-бап. Тиiстi бюджеттiң кiрiсiне мыналар есептелетiн болып белгiленсiн:
Полная версия
ИС BestProfi