1-бап. 2015 – 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2015 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1-бап өзгертілді ҚР 11.03.2015 жылғы № 290-V Заңымен (28.11.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап)
1-бап жаңа редакцияда жазылды ҚР 30.11.2015 жылғы № 425-V Заңына сәйкес (11.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап)
2-бап. 2015 жылға арналған республикалық бюджетте Ресей Федерациясының «Байқоңыр» кешенiн пайдаланғаны үшін 26 568 354 мың теңге сомасында және әскери полигондарды пайдаланғаны үшін 5 136 648 мың теңге сомасында жалдау ақыларының түсiмдері көзделсiн.
2-бап жаңа редакцияда жазылды ҚР 30.11.2015 жылғы № 425-V Заңына сәйкес (11.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап)