Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 22.01.2016
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 58 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 10 қаңтарда № 10080 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2016 жылғы 22 қаңтардан бастап ҚР  Мемлекеттік қызмет істері министрінің 29.12.2015 жылғы № 12 Бұйрығына сәйкес
Редакция 22.06.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының 5-бабының 1-тармағы 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптары бекітілсін.
2. Қоса берілген тізілімге сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының кейбір бұйрықтары күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлық профилактикасы департаменті (Ә.А. Көмекбаев) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен жариялауды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Мемлекеттік қызмет істері және
 сыбайлас жемқорлыққа қарсы
 іс-қимыл агенттігі Төрағасының
2014 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 58 бұйрығымен
БЕКІТІЛГЕН
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптары
1. Осы үлгілік біліктілік талаптары «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарының (бұдан әрі - үлгілік біліктілік талаптары) A, В, С, D, Е санаттары топтарына белгіленген және оларға қатысты лауазымдарға орналасуға үміткер азаматтарға қойылады.  
2. Үлгілік біліктілік талаптары:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 22.06.2015 жылғы № 189 Бұйрығына сәйкес (11.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.08.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
2) жұмыс тәжірибесі бойынша талаптарды;
3) тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу талаптары;
4) «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі талаптары;
5) осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдерді қамтиды.
2. Білімі және жұмыс тәжірибесі бойынша үлгілік біліктілік талаптары
3. А-1 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:  
Полная версия
ИС BestProfi