Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларын және күдікті операцияны айқындау белгілерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 1484 Қаулысы
Осы Қаулының тақырыбы өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.12.2014 жылғы № 1435 Қаулысымен (23.11.2012 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.07.2015 жылдан бастап)
Осы Қаулы күшін жойды 2020 жылғы 15 қарашадан бастап ҚР Үкіметінің 07.10.2020 жылғы № 643 Қаулысына сәйкес
«Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 3-тармағына және 10-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.12.2014 жылғы № 1435 Қаулысымен (23.11.2012 ж. редакцияны қараңыз)
2) күдікті операцияны айқындау белгілері бекітілсін.
2-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.12.2014 жылғы № 1435 Қаулысымен (23.11.2012 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.07.2015 жылдан бастап)
1. Осы Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беруінің бірыңғай тәртібін белгілейді.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.12.2014 жылғы № 1435 Қаулысымен (23.11.2012 ж. редакцияны қараңыз)
2. Қаржы мониторингіне жататын операциялар бойынша қаржы мониторингі субъектілері қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты (бұдан әрі – ақпарат) құжаттық тіркейді және осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша уәкілетті органға береді.
3. Заңның 3-бабы 1-тармағының 1) - 6), 8) – 16) тармақшаларында көрсетілген қаржы мониторингінің субъектілері беретін ақпарат уәкілетті органға «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қазақстандық банкаралық есептеулер орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының телекоммуникациялар желілері немесе уәкілетті органның веб-порталы арқылы ХМL форматында электрондық тәсілмен жолданады.
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.12.2014 жылғы № 1435 Қаулысымен (23.11.2012 ж. редакцияны қараңыз) (қолданысқа енгізу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 22.02.2016 жылғы № 96 Қаулысына сәйкес (31.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2017 жылдан бастап)
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 29.12.2018 жылғы № 929 Қаулысына сәйкес (11.08.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 09.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Заңның 3-бабы 1-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген қаржы мониторингінің субъектісі беретін ақпарат уәкілетті органға «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қазақстандық банкаралық есептеулер орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының телекоммуникациялар желілері, уәкілетті органның веб-порталы арқылы ХМL форматында электрондық тәсілмен немесе қағаз жеткізгіште жолданады.
Қаржы мониторингінің субъектісі ақпаратты осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде көзделмеген тәсілмен берген жағдайда уәкілетті орган бұл ақпаратты қарамай қайтарады. Бағдарламалық қамтамасыз етуде уәкілетті орган растаған техникалық қателердің туындау себебі бойынша Заңның 10-бабының 2-тармағында және 13-бабының 2-тармағында көрсетілген мерзімдер бұзылған жағдайда, егер қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы ақпарат техникалық қателер жойылғаннан кейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей жолданса, бұл мәліметтер мен ақпарат белгіленген мерзімде жолданды деп есептеледі.
4. Қағаз тасығышта берілетін ақпаратты қаржы мониторингі субъектілері уәкілетті органға тапсырылғаны туралы хабарламамен бірге пошталық жөнелтіліммен не жеткізу кезінде құжаттарға бақылаусыз қол жетімділікті болдырмау шараларын сақтай отырып, қолма-қол жібереді. Бұл ретте құжаттар конверттерге олардың бүлінуін немесе орамның тұтастығын бұзбастан ақпаратты алу мүмкіндігін болдырмайтын тәсілмен қапталады.
Қағаз тасығышта берілетін ақпаратқа қаржы мониторингі субъектісі немесе жауапты лауазымды тұлға (қаржы мониторингі субъектісінің бірінші басшысы тағайындаған оны алмастыратын тұлға) қол қояды және қаржы мониторингі субъектісінің мөрімен куәландырылады.