Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қор биржасы бағалы қағаздарының ресми тізімі мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы
 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 244 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 27 ақпанда № 10339 тіркелді
Редакция 01.07.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қор биржасы бағалы қағаздарының ресми тізімі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап туындайтын қатынастарға қолданылады.
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігінің
Статистика комитеті
_________________ Ә.Смайылов
2015 жылғы 12 ақпан
Қазақстан Республикасының
 Ұлттық Банкі Басқармасының
 2014 жылғы 24 желтоқсандағы
 № 244 қаулысына
 қосымша
Қор биржасы бағалы қағаздарының ресми тізімі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.02.2016 жылғы № 76 Қаулысымен (20.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.05.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.10.2015 жылғы № 195 Қаулысымен (27.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.12.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
2-тармақ күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.04.2016 жылғы № 115 Қаулысымен (29.02.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.07.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.12.2016 жылғы № 304 Қаулысымен (29.04.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.02.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
4. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 жылғы № 198 Қаулысына сәйкес (27.04.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
5. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Сауда-саттықты ұйымдастырушы үшін пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесін бекіту туралы» 2010 жылғы 29 наурыздағы № 41 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6207 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін: 
көрсетілген қаулымен бекітілген Сауда-саттықты ұйымдастырушы үшін пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесінде:
«11. Сауда-саттықты ұйымдастырушы осы Ереженің 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес К1 коэффициенті мәнінің есебін, 4-қосымшасына сәйкес К2 коэффициенті мәнінің есебін, сондай-ақ осы Ереженің 5-қосымшасына сәйкес пруденциялық нормативтерді орындау туралы есепті уәкілетті органға тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың бесінші жұмыс күні Астана қаласының уақыты бойынша сағат 18-00-ден кешіктірмей, осы Ереженің қосымшаларының мынадай нысандары бойынша:
1) қағаз тасымалдауышта – осы Ереженің 5-қосымшасының;
2) электрондық тасымалдауышта – осы Ереженің 1, 2, 3, 4, 5-қосымшаларының нысандары бойынша ұсынады.
Есептердегі деректер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгемен көрсетіледі. Оларды жасауда пайдаланылатын өлшем бірлігі мың теңгемен белгіленеді. Бес жүз теңгеден кем сома нөлге дейін дөңгелектенеді, ал бес жүз теңгеге тең және одан астам сома мың теңгеге дейін дөңгелектенеді. Коэффициенттер үтірден кейін төрт белгімен беріледі.»;
Полная версия
ИС BestProfi