Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі көрсететін мемлекеттік қызметтердің бизнес-процестерін оңтайландыру және автоматтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 261 қаулысы
 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 10 қаңтарда № 10211 тіркелді
Редакция 13.03.2021 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі көрсететін мемлекеттік қызметтердің бизнес-процестерін оңтайландыру және автоматтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
 Ұлттық Банкі Басқармасының
2014 жылғы 24 желтоқсандағы
 № 261 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі көрсететін мемлекеттік қызметтердің бизнес-процестерін оңтайландыру және автоматтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 жылғы № 31 Қаулысына сәйкес (27.08.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.04.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 жылғы № 36 Қаулысына сәйкес (27.08.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.04.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ күшін жойды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.02.2021 жылғы № 24 Қаулысына сәйкес (30.03.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.03.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру ережесінде:
4. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы» 2010 жылғы 1 наурыздағы № 26 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6167 тіркелген, 2010 жылғы 26 қазанда «Егемен Қазақстан» газетінде № 439-442 (26285) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
4-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.07.2015 жылғы № 128 Қаулысымен (24.12.2014 ж. редакцияны қараңыз)
4-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.10.2015 жылғы № 198 Қаулысымен (17.07.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.12.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
4-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 08.08.2016 жылғы № 183 Қаулысымен (30.05.2016 ж. редакцияны қараңыз)
4-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 жылғы № 261 Қаулысымен (08.08.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.01.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
4-тармақша өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.12.2016 жылғы № 305 Қаулысымен (28.10.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.03.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
көрсетілген қаулымен бекітілген «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін сайлауға (тағайындауға) келісімді беру мен қайтарып алу және оларға біліктілік талаптарын белгілеу ережесінде:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін сайлауға (тағайындауға) келісім беру мен қайтарып алу және оларға біліктілік талаптарын белгілеу ережесі (бұдан әрі – Ереже) «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» 2003 жылғы 3 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң), «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Бухгалтерлік есеп туралы Заң) сәйкес әзірленді және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қор) басшы қызметкерлерін сайлауға (тағайындауға) келісімді беру мен қайтарып алу тәртібін, сондай-ақ оларға қойылатын біліктілік талаптарын белгілейді.»;
5. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
5-тармақ күшін жойды ҚР Ұлттық Банкінің Басқармасының 30.05.2016 жылғы № 140 Қаулысына сәйкес (20.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.07.2016 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
6. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын (сақтандыру холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру не аталған рұқсатты беруден бас тарту қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы № 54 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7542 тіркелген, 2012 жылғы 30 маусымда «Егемен Қазақстан» газетінде № 360-364 (27438) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын (сақтандыру холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру не аталған рұқсатты беруден бас тарту қағидаларында:
Полная версия
ИС BestProfi