Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 26.04.2020
Қызметін тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар үшін шеттетілген алдыңғы әкімшінің осы бұзушылықтарын, әкімшінің қызметін камералдық бақылау нәтижелері бойынша аңықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларды жіберу, әкімшінің қызметін камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның орындалуы туралы есепті беру қағидаларын, сондай-ақ қызметін тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар үшін шеттетілген алдыңғы әкімшінің осы бұзушылықтарын, әкімшінің қызметін камералдық бақылау нәтижелері бойынша аңықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламалардың, әкімшінің қызметін камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның орындалуы туралы есептің нысандарын бекіту туралы
 Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 132 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 1 сәуірде № 10608 тіркелді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 14.11.2017 жылғы № 668 Бұйрығына сәйкес (26.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.12.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 26 сәуірден бастап ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 08.04.2020 жылғы № 368 Бұйрығына сәйкес 
Редакция 14.11.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қызметін тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар үшін шеттетілген алдыңғы әкімшінің осы бұзушылықтарын жою туралы хабарламаларды жіберу қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес қызметін тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар үшін шеттетілген алдыңғы әкімшінің осы бұзушылықтарын жою туралы хабарламаның нысаны;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Әкімшінің қызметін камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларды жіберу қағидалары;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес әкімшінің қызметін камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның нысаны;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Әкімшінің қызметін камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның орындалуы туралы есепті беру қағидалары;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес әкімшінің қызметін камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның орындалуы туралы есептің нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн ішінде қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б. Сұлтанов
Қазақстан Республикасы
 Қаржы министрінің
2015 жылғы 26 ақпандағы
 № 132 бұйрығына
 1-қосымша
Қызметін тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар үшін шеттетілген алдыңғы әкімшінің осы бұзушылықтарын жою туралы хабарламаларды жіберу қағидалары
1. Осы Қызметін тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар үшін шеттетілген алдыңғы әкімшінің осы бұзушылықтарын жою туралы хабарламаларды жіберу қағидалары «Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және қызметін тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар үшін шеттетілген алдыңғы уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылардың (бұдан әрі – әкімші) осы бұзушылықтарын жою туралы хабарламаларды жіберудің бірыңғай тәртібін айқындайды.
Полная версия
ИС BestProfi