«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 9-бабы 1-тармағының 46) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзумен келтірілген зиянның орнын толтыру мөлшерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/158 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 сәуірде № 10929 тіркелді
Редакция 13.02.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзумен келтірілген зиянның орнын толтыру мөлшері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы С. Омаров
«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасы Қаржы министрі ____________ Б. Сұлтанов 2015 жылғы « »
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/158 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзумен келтірілген зиянның орнын толтыру мөлшері
Мөлшер өзгертілді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 11.05.2017 жылғы № 197 Бұйрығымен (27.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.06.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды Мөлшер жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 30.01.2024 жылғы № 13 Бұйрығына сәйкес (11.05.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.02.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
№ п/п |
Жабайы хайуанның атауы |
Зиянды өтеу ставкасының мөлшері айлық есептік көрсеткішпен (әрбір дарағы/әрбір килограмы үшін/ұясы үшін) |
1 |
2 |
3 |
Жердегі сүт қоректілер |
||
1 |
Құлжа* (арғалы, арқар, үстірт қойы) |
1500 |
2 |
Ілбіс* |
2000 |
3 |
Борсық |
10 |
4 |
Тиін |
5 |
5 |
Құндыз |
15 |
6 |
Қызыл қасқыр* |
600 |
7 |
Орта азия кәмшаты* |
400 |
8 |
Терістік кәмшаты |
10 |
9 |
Сусары |
10 |
10 |
Қабылан* |
2000 |
11 |
Ақкіс |
10 |
12 |
Қарақұйрық* |
400 |
13 |
Үнді жайрасы* |
200 |
14 |
Қара кірпі |
5 |
15 |
Қоян (ақ қоян, толай, ор қоян) |
5 |
16 |
Доңыз |
250 |
17 |
Құдыр |
250 |
18 |
Қарақал* |
600 |
19 |
Құндыз жарғанаты |
100 |
20 |
Сібір тау текесі |
250 |
21 |
Сасық күзен |
10 |
22 |
Қарсақ |
5 |
23 |
Елік |
250 |
24 |
Шағыл мысығы* |
200 |
25 |
Ала аяқ мәлін |
5 |
26 |
Түрікмен құланы* |
2000 |
27 |
Ақтөс* және орман* сусарысы |
200 |
28 |
Ақ құлақ |
10 |
29 |
Түлкі |
5 |
30 |
Бұлан |
500 |
31 |
Сабаншы* |
300 |
32 |
Қоңыр аю |
200 |
33 |
Тян-шань қоңыр аюы* |
700 |
34 |
Балжегіш аю* |
600 |
35 |
Американ күзені |
10 |
36 |
Еуропа күзені* |
600 |
37 |
Теңбіл бұғы* |
700 |
38 |
Бұғылар (теңбіл бұғыдан басқасы) |
200 |
39 |
Су тышқан |
5 |
40 |
Шұбар күзен* |
200 |
41 |
Ала жертесер |
5 |
42 |
Құну |
100 |
43 |
Түркістан сілеусіні* |
200 |
44 |
Сілеусін (Түркістан сілеусінінен басқа) |
20 |
45 |
Жолман* |
200 |
46 |
Серке киік |
500 |
47 |
Ұрғашы киік, төлі |
350 |
48 |
Бүрме ерінді жарқанат* |
200 |
49 |
Үлкен көртышқан* |
200 |
50 |
Жанат текті ит |
10 |
51 |
Бұлғын |
40 |
52 |
Саршұнақ |
5 |
53 |
Суырлар (байбақ, қызғылт, сұр) |
10 |
54 |
Мензбир суыры* |
400 |
55 |
Балпақ-зорман |
5 |
56 |
Сасық күзен |
5 |
57 |
Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген сүтқоректілердің басқа да түрлері |
100 |
58 |
Сүтқоректілердің басқа да түрлері |
5 |
Құстар |
||
59 |
Қара ләйлек* |
200 |
60 |
Үлкен, кіші суқұзғын |
1 |
61 |
Ителгі* |
700 |
62 |
Бүркіт* |
400 |
63 |
Сақалтай* |
400 |
64 |
Тарбақ шырғалақ* |
200 |
65 |
Тарбақ (үлкен және кіші) |
5 |
66 |
Үлкен және кіші әупілдек |
5 |
67 |
Қызыл және қара мамыққаз |
10 |
68 |
Саңырау құр |
10 |
69 |
Құр |
5 |
70 |
Күшіген (тазқара, ақбас, гималайлық күшіген) |
10 |
71 |
Қаздар (қутұмсық қаздан өзгесі) |
5 |
72 |
Қутұмсық қаз* |
600 |
73 |
Тұрымтай |
5 |
74 |
Жек дуадақ* |
700 |
75 |
Дуадақ* |
700 |
76 |
Ақбас тырна* |
100 |
77 |
Сұр тырна* |
200 |
78 |
Жыланжегіш қыран* |
400 |
79 |
Қызыл жемсаулы қараша қаз* |
200 |
80 |
Жамансары (кәдімгі, обалық, жүнаяқ қысқы, жамансары) |
10 |
81 |
Қарабай* |
100 |
82 |
Бақылдауық |
5 |
83 |
Кекілік |
5 |
84 |
Қалбағай* |
200 |
85 |
Сұнқар* |
200 |
86 |
Тарғақ* |
400 |
87 |
Шалшықшы (кішісі және сүйір тұмсықтысы)* |
200 |
88 |
Шалшықшы (ірі және орта) |
5 |
89 |
Құмай* |
100 |
90 |
Шіл |
5 |
91 |
Сұңқылдақ аққу*, кішісі* |
400 |
92 |
Сыбырлақ аққу |
50 |
93 |
Құладын (батпақ құладынынан басқасы) |
5 |
94 |
Қасқалдақ |
5 |
95 |
Шыбыншы торғай* |
100 |
96 |
Бақалтақ қыран* |
100 |
97 |
Дала қыраны |
20 |
98 |
Жыртқыш қыран |
20 |
99 |
Аққұйрық субүркіт*, кезқұйрық субүркіт* |
400 |
100 |
Қызғылт бірқазан*, бұйра бірқазан* |
400 |
101 |
Бөдене |
5 |
102 |
Ақ құйрық қызғыш* |
200 |
103 |
Сұқсыр |
5 |
104 |
Шаңқылдақ қыран |
10 |
105 |
Көкқұс* |
100 |
106 |
Ақбауыр бұлдырық, қарабауыр бұлдырық* |
200 |
107 |
Қарабауыр шіл |
5 |
108 |
Убақ* |
100 |
109 |
Лашын* |
600 |
110 |
Балықшы тұйғын* |
600 |
111 |
Жапалақ, байғыз (үкіден басқа) |
5 |
112 |
Ақ тырна* |
700 |
113 |
Алтай ұлары* |
200 |
114 |
Гималай ұлары |
10 |
115 |
Үйректер (Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілгенінен басқасы) |
5 |
116 |
Қырғауыл |
5 |
117 |
Үкі* |
200 |
118 |
Қоқиқаз* |
400 |
119 |
Дара шағала* |
200 |
120 |
Бидайық* |
700 |
121 |
Қазақстан Республикасы Қызыл кітабына енгізілген құстардың басқа да түрлері |
100 |
122 |
Басқа да құс түрлері |
5 |
Бауырымен жорғалаушылар |
||
123 |
Сұр кесіртке |
20 |
124 |
Сары қыран кесіртке |
1 |
125 |
Шұбар батбат |
1 |
126 |
Сары қыран әбжылан |
1 |
127 |
Әбжыландар (қызылжолақты, жолақты және төртжолақтылар) |
1 |
128 |
Қара шұбар жылан, сарыбас жыландар, құмжыландар |
1 |
129 |
Улы сұр жыландар |
1 |
130 |
Қалқантұмсық жылан |
2 |
131 |
Тасбақалар |
2 |
132 |
Бауырымен жорғалаушылардың ғылыми және ағартушылық маңызы бар басқа да түрлері |
1 |
Қос мекенділер |
||
133 |
Жетісу бақатісі |
100 |
134 |
Қосмекенділердің ғылыми маңызы бар басқа да түрлері |
1 |
Жәндіктер |
||
135 |
Қазақстан Республикасы: қызыл кітабына енгізілген қоңыздар мен көбелектер |
3 |
136 |
Ғылыми және коллекциялық маңызы бар басқа қоңыздар мен көбелектер |
0,5 |
137 |
Қазақстан Республикасы Қызыл кітабына енгізілген жарғаққанаттылар |
3 |
138 |
Жабайы аралар (ұясы үшін) |
0,5 |
139 |
Жәндіктердің ғылыми және коллекциялық маңызы бар басқа да түрлері |
0,5 |
Өрмекші тектілер |
||
140 |
Қарақұрттар, шаяндар, эрезустер, тарантулдар, аргиопалар мен өрмекші тектілердің ғылыми және коллекциялық маңызы бар басқа да улы түрлері |
0,2 |
Балық, теңіз сүтқоректілері және су омыртқасыздарының түрлері |
||
141 |
Сырдариялық жауырындық*, волга көп аталықты майшабағы*, шортан тектес ақмарқа*, каспий және арал албырты*, ақбалық*, сылан*, күтім*, арал және түркістан қаязы*, іле шармай*, каспий жыланбалығы*, таймень*, балқаш алабұғасы* - балқаш және іле таралымы, пілмай* - арал және іле таралымы, сiбip бeкipeci*, шатқалдық тас тасалағыш*, ұзын бармақты шаян* (түркістан түр тармағы) (бір дарақ үшін)* |
300 |
142 |
Қортпа, уылдырықты пілмай (бір килограмм үшін) |
100 |
143 |
Қортпа, пілмай қысыры (бір килограмм үшін) |
100 |
144 |
Бекіре (сiбip бeкipeciнен басқа), шоқыр, бекіренің уылдырықты будандары (бір килограмм үшін) |
100 |
145 |
Бекіре, шоқыр, бекіренің қысыр будандары (бір килограмм үшін) |
100 |
146 |
Сүйрік (бір килограмм үшін) |
100 |
147 |
Ақсақа, көкшұбар, көкшарбы, пайдабалық, шыр, мұқсын (бір килограмм үшін) |
1,2 |
148 |
Ақ амур, көксерке, сазан, тұқы, ақмарқа, беріш, кәдiмгi жайын, нәлім, ақ және шұбар дөңмаңдай, шортан, жыланбас балық (бір килограмм үшін) |
1,3 |
149 |
Табан, торта, қаракөз, тұрпа, майбалық, көкбас, қызылкөз қабыршықты және тақыр, аққайран, алтын және күміс мөңкелер, әдеттегi және балқаш (балқаш-іле таралымынан басқа) алабұғасы, оңғақ, әдеттегi және талас тарғақбалығы, қызылқанат, балпан, білеу балық, айнакөз балық, көкше, қылыш балық, буффало, кәдімгі шармай (бір килограмм үшін) |
0,4 |
150 |
Майшабақтар (қарынсау (бадырақкөзді және жұмырбасты қосқанда), бражник май шабағы, долгы май шабағы, қара жон, тікенді балық, жалғанкөз-глосса, майшабақ (бір килограмм үшін) |
0,8 |
151 |
Албырттар (қызғылт сары бахтах, майқан (үскіш), сібір хариусы) (бір килограмм үшін) |
1,7 |
152 |
Каспий итбалығы (бір дарақ үшін) |
193 |
153 |
Ұзын бармақты шаян (түркістан түр тармағынан басқа) (бір килограмм үшін) |
1,2 |
154 |
Салин артемиясының цисталары және басқа су омыртқасыздары - гаммарус, масақұрт, ақ құрттар (шикі өнімнің бір килограмм үшін) |
3 |
Ескертпелер:
* Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген түрлерге жататын жануарлар, сондай-ақ ғылыми мақсаттарда пайдаланудан басқа, пайдалануға тыйым салынған түрлер:
әрбір заңсыз жойылған (бүлдірілген) жануарлардың мекен ететін ұясы, іні, апаны және басқа да баспаналары үшін келтірілген нұқсан он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өндіріп алынады;
әрбір заңсыз алынған (жойылған) жұмыртқа, сондай-ақ әрбір заңсыз алынған немесе жойылған сүт қоректілер аналығының ұрығы үшін жануарлардың осы түрінің ересек дарағы (аналығы) үшін келтірілген ңұқсанды өтеу мөлшерінің 50 пайызы (айлық есептік көрсеткіштермен) өндіріп алынады;
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 18-03/105 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10482 болып тіркелген) бекітілген Дериваттар тізбесіне сәйкес, әрбір заңсыз алынған немесе сатып алынған дериват, оның ішінде әрбір 100 грамм уылдырық үшін жануарлардың осы түрінің ересек дарағы (аталығы немесе аналығы) үшін келтірілген ңұқсанды өтеу мөлшерінің 100 пайызы (айлық есептік көрсеткіштермен) өндіріп алынады.