Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 20.11.2018
Кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестатын берудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 238 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 5 мамырда № 10942 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2018 жылғы 20 қарашадан бастап ҚР Қаржы министрінің 28.09.2018 жылғы № 859 Бұйрығына сәйкес
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 32-бабының 3 және  7-тармақтарына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерін қолдана отырып біліктілік емтихандарын жүргізуге құқығы бар аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының тізбесі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Біліктілік емтихандарын өткізу бағдарламасын, тәртібін әзірлеу, біліктілік емтиханы үшін сұрақтар әзірлеу және бекіту, кедендік декларациялау жөніндегі маманның аттестатын алуға үміткердің білімін бағалаудың критерийлерін белгілеу қағидалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес біліктілік аттестатының, бейджінің, кедендік декларациялау жөніндегі маманның жеке нөмірлік мөрінің нысандары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Р. Ерғожин) заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарда және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мынадай бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын:
1) «Кеден органдарының ақпараттық жүйелерін пайдалана отырып біліктілік емтихандарын жүргізуге құқығы бар кеден органдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 18 тамыздағы № 418 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 7 қыркүйекте № 6455 болып тіркелді және 2010 жылғы 6 қазандағы № 263 (26324) «Казахстанская правда» газетінде жарияланған);
2) «Бағдарламаны әзірлеу, біліктілік емтихандарын өткізу тәртібін, біліктілік емтиханы үшін сұрақтар әзірлеуді және оны бекітуді, аттестат алуға үміткердің білімін бағалаудың критерийлерін белгілеудің Ережесін, сондай-ақ, біліктілік аттестатының, бейджінің, кедендік декларациялау жөніндегі маманның жеке нөмірлік мөрінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 15 қарашадағы № 569 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 3 желтоқсанда № 6660 тіркелді және Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2011 жылы № 1 (тиражға шыққан күні 25.03.2011 ж.) жарияланған).
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б. Сұлтанов
Қазақстан Республикасы
 Қаржы министрінің
2015 жылғы 31 наурыздағы
 № 238 бұйрығына
 1-қосымша
Мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерін қолдана отырып біліктілік емтихандарын жүргізуге құқығы бар аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының тізбесі
1. Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті.
2. Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департамента
3. Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті
Полная версия
ИС BestProfi