Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.11.2021
Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды), оның ішінде электрондық түрде, ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 290 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 5 мамырда № 10937 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 1 қарашадан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 15.10.2021 жылғы № 297 Бұйрығына сәйкес 
Редакция 29.09.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 48-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды), оның ішінде электрондық түрде, ұйымдастыру мен өткізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын; 
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін. 
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
инвестициялар және даму министрі
_______________ Ә.Исекешев
2015 жылғы 21 сәуір
Қазақстан Республикасы
 ұлттық экономика министрінің
 2015 жылғы 5 мамырдағы
 № 290 бұйрығымен бекітілген
Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды), оның ішінде электрондық түрде ұйымдастыру және өткізу қағидалары
Қағидалар өзгертілді ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.12.2015 жылғы № 782 Бұйрығымен (31.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 25.12.2015 жылғы № 792 Бұйрығына сәйкес (22.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.07.2016 жылдан бастап)
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 03.09.2018 жылғы № 366 Бұйрығына сәйкес (18.10.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1. Осы Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды), оның ішінде электрондық түрде ұйымдастыру және өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі – Жер кодексі) 48-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекет меншігіндегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) ұйымдастыру және өткізу тәртібін айқындайды. 
1-1. Қазақстан Республикасы Жер кодексінің жекелеген нормаларының қолданысын және «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының қолданысқа енгізілуін тоқтата тұру туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 30 маусымдағы Заңы (бұдан әрі – Заң) нормаларының қолданылу кезеңінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына жеке меншікке сатуға рұқсат етілмейді.
Қағидалар 1-1-тармақпен толықтырылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 18.10.2016 жылғы № 437 Бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.11.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1-2. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Қағидалар 1-2-тармақпен толықтырылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 18.10.2016 жылғы № 437 Бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.11.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1-2-тармақ алынып тасталды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 03.09.2018 жылғы № 366 Бұйрығына сәйкес (18.10.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 03.09.2018 жылғы № 366 Бұйрығына сәйкес (18.10.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) аукцион – жеке және заңды тұлғаларға сауда-саттық объектісін сатуға бағытталған сауда-саттықты өткізу нысанында қатысушылардың ұсынған бағасы сауда-саттық жеңімпазын айқындау басты өлшемшарты болып табылады;
Полная версия
ИС BestProfi