«Ғарыш қызметi туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 1-тармағының 19) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Жеке және (немесе) заңды тұлғаларға ғарыш аппараттары транспондерлерін ұсыну қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 524 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11300 тіркелді
Редакция 28.06.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса берiлiп отырған Жеке және (немесе) заңды тұлғаларға ғарыш аппараттары транспондерлерін ұсыну қағидалары бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті (Т.А. Мұсабаев):
1) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімдік баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күн жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсiн.
4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы Ә. Исекешев
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 524 бұйрығымен бекітілді
Жеке және (немесе) заңды тұлғаларға ғарыш аппараттары транспондерлерін ұсыну қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 29.05.2019 жылғы № 102/НҚ Бұйрығына сәйкес (14.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 28.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Жеке және (немесе) заңды тұлғаларға ғарыш аппараттары транспондерлерін ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ғарыш қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 9-бабының 1-тармағының 19) тармақшасына сәйкес әзірленді және жеке және (немесе) заңды тұлғаларға ғарыш аппараттары транспондерлерін ұсыну бойынша қызметтер көрсету тәртібін айқындайды.
2. Қағидалардың қолданылу аясы әлеуметтік-экономикалық бағыттағы ғарыш аппараттары транспондерлерін ұсыну бойынша қызметтер көрсетумен байланысты құқықтық қатынастары.
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) ғарыш аппараты транспондерінің сыйымдылығы – транспондерлердің жиілік-энергетикалық ресурсы;
2) ғарыш аппараты – ғарыш кеңістігін зерттеу және (немесе) пайдалану мақсатында ғарыш кеңістігіне шығаруға арналған техникалық құрылғы;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 29.05.2019 жылғы № 102/НҚ Бұйрығына сәйкес (14.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 28.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Полная версия