Қазақстан Республикасы «Әділет органдары туралы» Заңының 7-бабы 2-тармағы 3) тармақшасын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 327 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидасының 27-тармақшасы, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 86 бұйрығымен бекітілген (Мемлекеттік тіркеу тізімінде № 10130 болып тіркелген) «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың үлгілік әдістемесінің 2-тармағын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 28.03.2016
Қазақстан Республикасы Әділет органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 4 маусымдағы № 316 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 16 маусымда № 11355 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2016 жылғы 28 наурыздан бастап ҚР Әділет министрінің 09.03.2016 жылғы № 115 Бұйрығына сәйкес
1. Қазақстан Республикасы әділет органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың үлгілік әдістемесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Кадр қызметі департаменті осы бұйрықты Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаментінде мемлекеттік тіркеуді және баспа басылымдарында «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Жауапты хатшысы М.Б. Бекетаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Б. Имашев
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 4 маусымдағы № 316 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы әділет органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі қызметкерлерінің, сондай- ақ аумақтық әділет органдары басшыларының және олардың орынбасарларының қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу тәсілін айқындайды.
2. Қызметшілердің қызметін жыл сайынғы бағалау (бұдан әрі - бағалау) олардың жұмыс тиімділігі мен сапасын айқындау үшін жүргізіледі.
3. Бағалау мемлекеттік әкімшілік қызметте болған әрбір жыл өткен сайын, көрсетілген мерзім басталған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей, бірақ осы лауазымға орналасқан күннен бастап алты айдан ерте емес мерзімде жүргізіледі.
4. Қызметшілерді бағалау мыналардан:
1) қызметшінің тікелей басшысының бағалауы;
2) айналмалы бағалау (қызметшінің қарамағындағы немесе олардың әріптестерінің бағалауы).
Қызметшінің тікелей басшысы оның лауазымдық нұсқаулығына сәйкес өзі бағынатын тұлға болып табылады.
5. Бағалау нәтижелері бойынша:
1) бағаланатын қызметкердің тікелей басшысы Бағалау жөніндегі комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) төрағасына қызметшілер қызметіндегі кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар енгізеді, олардың қызметіндегі жақсартуды қажет ететін бағыттарды айқындайды, тағылымдамадан өткізу, ілгерілету бойынша ұсыныстар әзірлейді;
2) персоналды басқару қызметі бағаланатын қызметкерлердің басшыларының ұсыныстары негізінде 1-қосымшаға сәйкес «қанағаттанарлықсыз» деген баға алған қызметкерлерге қатысты «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшісін кәсіби дамытудың дербес жоспарын әзірлейді.
Полная версия