«Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы және «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы № 874 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 25.02.2016
Аумақтық кластерлерге конкурстық іріктеу жүргізу өлшемшарттарын және қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 16 шілдедегі № 535 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 25 ақпаннан бастап ҚР Үкіметінің 18.02.2016 жылғы № 73 Қаулысына сәйкес «Аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің 18.12.2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 1212 Бұйрығын қараңыз
1. Қоса беріліп отырған:
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 16 шілдедегі № 535 қаулысымен бекітілген
Аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеу өлшемшарттары
Аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеу үшін олар мынадай өлшемшарттарға сәйкес болуы қажет:
1. Қалыптасқан аумақтық кластердің даму деңгейі:
1) өңір үшін басым салалардағы өзара байланысқан және бірін-бірі өзара толықтыратын компаниялар мен ұйымдар тобының (үлестес емес кемінде 10 заңды тұлға) болуы;
2) технологиялық тізбекті ұзартуға бағытталған, пысықталған жобалардың болуы;
3) аумақтық кластерді дамытуға бизнес инвестицияларының болуы.
2. Өңірде аумақтық кластерді одан әрі дамытуға арналған жағдайлардың болуы:
1) қажетті шикізат және табиғи ресурстар;
2) адами ресурстардың қолжетімділігі;
3) технологиялық тізбекті және қажетті ілеспелі көрсетілетін қызметтерді құруға арналған өндірістік қуаттар (кәсіпорындар);
4) энергетика инфрақұрылымының дамуы;
5) көлік инфрақұрылымының дамуы;
Полная версия