Близость слов: Окончание:





"Болашақ" халықаралық стипендиясын іске асыру бойынша кейбір шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2015 жылғы 22 мамырдағы № 318 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 3 маусымда № 11258 тіркелді
Редакция 14.06.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысымен бекітілген «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу және «Болашақ» халықаралық стипендиясын жұмсау бағыттарын айқындау қағидаларын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Білім және ғылым министрінің 23.05.2017 жылғы № 239 Бұйрығына сәйкес (29.03.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.06.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындаға үміткерлер үшін мемлекеттік және шет тілдерін білудің қажетті ең төменгі деңгейі;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Білім және ғылым министрінің 28.07.2020 жылғы № 321 Бұйрығына сәйкес (07.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.08.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жұмыс орнын сақтау шартымен маман даярлауға жұмыс беруші өтінімінің нысаны;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін үміткер сауалнамасының үлгілік нысаны;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес тағылымдамадан өту бағдарламасына қойылатын талаптар;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін бағалар баламалығы кестесі;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындалуына үміткерлердің Тәуелсіз сараптамалық комиссия мүшелерімен жеке әңгімелесуін бағалау парағының үлгілік нысаны;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес тілдік курстар ұзақтығының кестесі бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 6 сәуірдегі № 149 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7549 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2012 жылғы 05 мамырдағы № 210-215 (272891) санында жарияланған);
2) «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2012 жылғы 6 сәуірдегі № 149 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 маусымдағы № 287 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7747 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2012 жылғы 30 маусымдағы № 360-364 (27438) санында жарияланған);
3) «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2012 жылғы 6 сәуірдегі № 149 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 25 ақпандағы № 57 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9215 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № 54 (28278) санында жарияланған).
3. Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім және халықаралық ынтымақтастық департаменті (С.С. Ысмағұлова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты ресми жариялауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаевқа жүктелсін.
Полная версия
ИС BestProfi