«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 03.08.2015
"Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № 165 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 27 маусымдағы № 386 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 30 шілдеде № 9648 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2015 жылғы 3 тамыздан бастап ҚР Ішкі істер министрінің 30.05.2015 жылғы № 501 Бұйрығына сәйкес
1. «Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу мәселелері бойынша мемлекетік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № 165 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9378 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 26 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде (бұдан әрі – Регламент):
«15. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің) рәсімдерінің (іс-қимылдарының), өзара іс-қимыл жасасуы дәйектілігінің нақты сипаттамасы осы Регламентке 1, 3 және 4-қосымшаларда көрсетілген, осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету процесінде Орталықпен өзара іс-қимыл жасасу тәртібінің сипаттамасы мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы «электрондық үкімет» веб-порталында және Министрліктің mvd.gov.kz, облыстардың, Астана, Алматы қалалары ішкі істер департаменттерінің интернет-ресурсында, сондай-ақ ресми ақпарат көздері мен көші-қон полициясы бөліністерінің ғимараттарында орналасқан стенділерде орналастырылады.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасының азаматтарына уақытша жеке куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде (бұдан әрі – Регламент):
«11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің) рәсімдерінің (іс-қимылдарының), өзара іс-қимыл жасасуы дәйектілігінің нақты сипаттамасы осы Регламентке 1-қосымшада көрсетілген, осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету процесінде Орталықпен өзара іс-қимыл жасасу тәртібінің сипаттамасы мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы «электрондық үкімет» веб-порталында және мемлекеттік көрсетілетін қызмет берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде (бұдан әрі – Регламент):
«11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің) рәсімдерінің (іс-қимылдарының), өзара іс-қимыл жасасуы дәйектілігінің нақты сипаттамасы осы Регламентке 1, 3 және 4-қосымшаларда көрсетілген, осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету процесінде Орталықпен өзара іс-қимыл жасасу тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы «электрондық үкімет» веб-порталында және мемлекеттік көрсетілетін қызмет берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде (бұдан әрі – Регламент):
«10. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің) рәсімдерінің (іс-қимылдарының), өзара іс-қимыл жасасуы дәйектілігінің нақты сипаттамасы осы Регламентке 1-қосымшада көрсетілген, осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету процесінде Орталықпен өзара іс-қимыл жасасу тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы «электрондық үкімет» веб-порталында және мемлекеттік көрсетілетін қызмет берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Тұрғылықты жерiнен мекенжай анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде (бұдан әрі – Регламент):
«11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің) рәсімдерінің (іс-қимылдарының), өзара іс-қимыл жасасуы дәйектілігінің нақты сипаттамасы осы Регламентке 1, 3 және 4-қосымшаларда көрсетілген, осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету процесінде Орталықпен өзара іс-қимыл жасасу тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы «электрондық үкімет» веб-порталында және мемлекеттік көрсетілетін қызмет берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.»;
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы департаменті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден кейін күнтізбелік он күннің ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы департаментіне (С.С. Сайынов) жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Қ. Қасымов
1-қосымша Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің 2014 жылғы 27 маусымдағы № 386 бұйрығына
«Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне 2-қосымша
«Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бизнес-процессінің анықтамалығы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің 2014 жылғы 27 маусымдағы № 386 бұйрығына 2-қосымша
«Қазақстан Республикасының азаматтарына уақытша жеке куәліктер беру» мемлекеттiк қызмет көрсету регламентіне 2-қосымша
«Қазақстан Республикасының азаматтарына уақытша жеке куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бизнес-процессінің анықтамалығы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің 2014 жылғы 27 маусымдағы № 386 бұйрығына
«Қазақстан Республикасы азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша
«Қазақстан Республикасы азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бизнес-процессінің анықтамалығы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің 2014 жылғы 27 маусымдағы № 386 бұйрығына 4-қосымша
«Қазақстан Республикасы азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша
«Қазақстан Республикасы азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бизнес-процессінің анықтамалығы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің 2014 жылғы 27 маусымдағы № 386 бұйрығына 5-қосымша
«Тұрғылықты жерiнен мекенжай анықтамаларын беру» мемлекеттiк қызмет көрсету регламентіне 2-қосымша
«Тұрғылықты жерiнен мекенжай анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бизнес-процессінің анықтамалығы
Полная версия






