«Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 7 наурыздағы Заңының 15-бабы 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Оңалтуды және банкроттықты басқарушылардың қорытынды есебінің нысандарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2014 жылғы 15 мамырдағы № 224 бұйрығы
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 09.12.2015 жылғы № 636 Бұйрығына сәйкес (03.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.01.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Редакция 15.05.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған:
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес банкроттықты басқарушының қорытынды есебінің нысаны бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Ә.С. Жұмаділдаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б. Сұлтанов
Қазақстан Республикасы Премьер–Министрінің орынбасары– Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 15 мамырдағы № 224 бұйрығына 1-қосымша
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 03.03.2015 жылғы № 151 Бұйрығына сәйкес (15.05.2014 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.05.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды 1-қосымша өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 09.12.2015 жылғы № 636 Бұйрығымен (03.03.2015 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.01.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды 1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 29.04.2020 жылғы № 433 Бұйрығына сәйкес (09.12.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Нысан
____________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (егерде ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) немесе борышкердің атауы) кредиторлар жиналысының 20___ жылғы «___»_______ №____ хаттамасымен* келісілді ____________________________________ кредиторлар жиналысы төрағасының (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (егерде ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса)
Оңалтуды басқарушының қорытынды есебі
__________ _______________________ (күні) (жасалған жері)
________________________________________________________________________________________________ (оңалтуды басқарушының тегі, аты, әкесінің аты (бұдан әрі – Т.А.Ә.) (егерде ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса)
1-бөлім. Борышкер туралы жалпы деректер
1.1. Борышкер туралы мәліметтер:
Полная версия