Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 27.07.2020
Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 284 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 5 маусымда № 11273 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 27 шілдеден бастап ҚР Қаржы министрінің м.а. 10.07.2020 жылғы № 665 Бұйрығына сәйкес 
Редакция 27.01.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша алынып тасталды ҚР Қаржы министрінің 05.07.2017 жылғы № 418 Бұйрығымен (06.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Жеке практикамен айналысатын адамды тiркеу есебi» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 28.12.2018 жылғы № 1117 Бұйрығына сәйкес (05.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 27.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) осы бұйрықтың 3-қосымшаға сәйкес «Салық төлеушілерді тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты;
4) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
4-тармақша алынып тасталды ҚР Қаржы министрінің 05.07.2017 жылғы № 418 Бұйрығымен (06.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
5) осы бұйрықтың 5-қосымшаға сәйкес «Қосылған құн салығын төлеушілерді тіркеу есебі» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты;
6) осы бұйрықтың 6-қосымшаға сәйкес «Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебі» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты;
7) осы бұйрықтың 7-қосымшаға  сәйкес «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндірушілерге (импорттаушыларға), сондай-ақ акцизделетін өнімдердің кейбір түрлерін, авиациялық отын мен мазут өндірушілер мен импорттаушылардың тауарларына дербес сәйкестендіру нөмірін (ДСН-код) беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты;
8) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
8-тармақша алынып тасталды ҚР Қаржы министрінің 06.03.2017 жылғы № 150 Бұйрығымен (27.07.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.05.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
9) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
9-тармақша алынып тасталды ҚР Қаржы министрінің 08.12.2015 жылғы № 631 Бұйрығымен (27.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.02.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
10) осы бұйрықтың 10-қосымшаға сәйкес «Темекі өнімдерінің өндірісіне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты;
11) осы бұйрықтың 11-қосымшаға сәйкес «Этил спиртінің өндірісіне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты;
12) осы бұйрықтың 12-қосымшаға сәйкес «Алкоголь өнімінің өндірісіне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты;
13) осы бұйрықтың 13-қосымшаға сәйкес «Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтауға және көтерме саудада сатуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты;
14) осы бұйрықтың 14-қосымшаға сәйкес «Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтауға және бөлшек саудада сатуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты;
15) осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес «Есебі мемлекеттік кірістер органында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәлiметтердi беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
15-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 28.12.2018 жылғы № 1117 Бұйрығына сәйкес (05.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 27.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
16) осы бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірістердің және ұстап қалған (төленген) салықтардың сомалары туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
16-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 28.12.2018 жылғы № 1117 Бұйрығына сәйкес (05.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 27.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Полная версия
ИС BestProfi