Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 17.07.2015
Қазақстан Республикасы Қаржы
 нарығын және қаржы ұйымдарын
 реттеу мен қадағалау агенттігі
 Басқармасының 2010 жылғы
 1 наурыздағы № 26 қаулысына
 2-қосымша
«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамын ерікті түрде қайта ұйымдастыруға немесе таратуға рұқсат беру ережесі
Осы Ереже күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.07.2015 жылғы № 128 Қаулысына сәйкес
Редакция 24.12.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Осы Ереже «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» 2003 жылғы 3 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 4-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамын (бұдан әрі – Қор) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға немесе таратуға рұқсат беру тәртібін белгілейді.
Кіріспе өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2014 жылғы № 261 Қаулысымен (24.02.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.02.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1. Қордың ерікті түрде қайта ұйымдастырылуы (бірігуі, қосып алуы, бөлінуі, бөлініп шығаруы) немесе таратылуы уәкілетті органның рұқсаты болған жағдайда акционерлердің жалпы жиналысының шешімі бойынша жүзеге асырылады.
2. Уәкілетті органның Қорды ерікті түрде қайта ұйымдастыруды немесе таратуды жүргізуге рұқсат беруі туралы өтінішхат осы Ереженің қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалады.
2-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2014 жылғы № 261 Қаулысымен (24.02.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.02.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Осы Ереженің 5 немесе 10-тармақтарында көрсетілген құжаттар қоса беріле отырып, өтінішхат қағаз тасымалдағышта не «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы электрондық түрде ұсынылады.
3. Қордың ерікті түрде қайта ұйымдастыруды жүргізуге уәкілетті органның рұқсатын алу туралы өтініші уәкілетті органмен оны қабылдаған күннен бастап екі ай ішінде қаралады.
4. Қордың таратуды жүргізуге уәкілетті органның рұқсат беруі туралы өтініші уәкілетті органмен тиісінше ресімделген құжаттар қабылданған күннен бастап бір айдың ішінде қаралады.
2-тарау. Қорды ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру тәртібі
5. Уәкілетті органның Қорды ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беруі туралы өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) Қор акционерлері жалпы жиналысының ауыспалы кезеңде Қордың қызметін басқару тәртібін қамтыған ерікті түрде қайта ұйымдастырылуы туралы шешімі;
2) осы Ереженің талаптарына сәйкес келетін ерікті түрде қайта ұйымдастыруды жүргізу бойынша іс-шаралар жоспары;
3) осы Ереженің талаптарына сәйкес келетін және қор акционерлерінің жалпы жиналысымен бекітілген ерікті қайта ұйымдастыру салдарының қаржылық болжамы.
6. Қорды ерікті түрде қайта ұйымдастыруды жүргізу бойынша іс-шаралар жоспары мыналарды қамтиды:
1) Қорды ерікті түрде қайта ұйымдастыруын жүргізу мерзімдерін; 
2) Қордың қатысушысы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын (бұдан әрі – қатысушы сақтандыру ұйымдары) және өзге кредиторларды қайта ұйымдастыру туралы хабардар ету тәртібін;
3) Қордың қатысушы сақтандыру ұйымдарының және өзге кредиторлардың алдындағы міндеттемелерінің мөлшерлерін, сондай-ақ міндеттемелерді орындау тәртібі мен мерзімдерін;
4) Қормен ұсынылатын, алдағы қайта ұйымдастырудың ерекшеліктерін көрсететін өзге ақпаратты.
7. Ерікті түрде қайта ұйымдастыру салдарының қаржылық болжамында мынадай деректер болады:
1) жоспарланған ерікті түрде қайта ұйымдастырудың экономикалық негіздемесі;
2) Қордың ерікті түрде қайта ұйымдастырылғаннан кейінгі болжамдық (есептік) балансы.
8. Қор, ерікті түрде қайта ұйымдастырылған жағдайда ай сайын есепті айдан кейін келетін айдың он бесіне дейінгі мерзімде уәкілетті органды ерікті түрде қайта ұйымдастыру бойынша іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы хабардар етеді.
3-тарау. Қорды таратуға рұқсат беру тәртібі
9. Уәкілетті орган Қорды таратуға рұқсатты Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актілерінде көзделген сақтандыру ұйымдарының Қорға міндетті түрде қатысу талаптары алынып тасталған жағдайда береді.
10. Уәкілетті органның Қорды таратуға рұқсатын беру туралы өтінішке қоса мынадай құжаттар ұсынылады:
1) Қор акционерлерінің жалпы жиналысының оны тарату туралы шешімі;
2) тарату комиссия мүшелеріне үміткерлердің тізімі;
3) акционерлердің жалпы жиналысы Қорды тарату туралы шешім қабылдаған күніндегі барлық шоттардың талдамасы бар, аудиторлық есеппен расталған, Қордың меншікті қаражатының оның міндеттемелерін толық орындау үшін жеткілікті болатынын куәландыратын баланстық есеп;
4) Қордың, оның барлық кредиторларының талаптарын толығымен қанағаттандыруды қамтамасыз ететіні туралы жазбаша міндеттемесі;
5) акционерлердің жалпы жиналысы Қорды тарату туралы шешімін қабылдаған күніне Қор міндеттемелерінің сомасы туралы мәліметтерді қамтыған Қор кредиторларының тізімі;
6) акционерлердің жалпы жиналысымен бекітілген, Қордың өз қызметін тоқтатуға дайындалуының мерзімдері мен кезеңдері бойынша іс-шаралардың тізбесі (жоспары мен кестесі).
11. Қордың ерікті түрде қайта ұйымдастыруына рұқсат беруден бас тарту уәкілетті органмен мынадай негіздемелер бойынша жасалады:
1) Қордың қайта ұйымдастырылуы (Қордың қайта құрылуын қоспағанда) нәтижесінде құрылған заңды тұлғаның Заңға сәйкес Қорға жүктелген негізгі міндеттерді және функцияларды жүзеге асыралмайтындығы және толық көлемде орындай алмайтындығы;
2) көзделген ерікті түрде қайта ұйымдастырылуы нәтижесінде Қордың қатысушы сақтандыру ұйымдары мен өзге кредиторларының заңды мүдделерінің бұзылуы;
3) осы Ереженің 5-тармағында көзделген құжаттарды ұсынбау;
4) ұсынылған құжаттардың осы Ереженің 5, 6, 7–тармақтарының талаптарына сәйкес келмеуі.
12. Қорды таратуға рұқсат беруден бас тарту уәкілетті органмен мынадай негіздемелер бойынша жасалады:
1) Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актілерінде көзделген сақтандыру ұйымдарының Қорға міндетті түрде қатысуы жөніндегі талаптар бар болған жағдайда;
2) көзделген тарату нәтижесінде Қордың қатысушы сақтандыру ұйымдары мен өзге кредиторларының заңды мүдделерінің бұзылуы;
3) осы Ереженің 10-тармағында көзделген құжаттарды ұсынбау;
4) ұсынылған құжаттардың осы Ереженің 10-тармағының талаптарына сәйкес келмеуі.
13. Ерікті түрде қайта ұйымдастыруға немесе таратуға рұқсат беруден бас тартылған жағдайда уәкілетті орган осы Ереженің 3 және 4-тармақтарында белгіленген мерзімдерде ол туралы дәлелді шешім қабылдайды, оны Қорға мәлімет үшін жеткізеді.
«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік
 беру қоры» акционерлік қоғамын
 ерікті түрде қайта ұйымдастыруға
 немесе таратуға рұқсат беру
 ережесіне қосымша
Қосымша өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2014 жылғы № 261 Қаулысымен (24.02.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.02.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
«Қазақстан Республикасы
 Ұлттық Банкінің
 Төрағасына
 _______________________
«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамын ерікті түрде қайта ұйымдастыруды немесе таратуды жүргізуге уәкілетті органның рұқсатын алу туралы өтініш
 _____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
 акционерлердің жалпы жиналысының __ жылғы _____ ________ № _____ хаттамасына сәйкес,
_____________________________________________________________________
«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамын ерікті түрде қайта ұйымдастыруға (таратуға) рұқсат беруіңізді сұрайды.
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(уәкілетті тұлғаның тегі, аты, бар болса – әкесінің аты, аталған
өкілеттіктерді алуға негіздеме болып табылатын құжатқа сілтеме)
 _____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамын ерікті түрде қайта ұйымдастыруды (таратуды) жүргізуге рұқсат алуға арналған осы өтінішті ресімдеу құқығы берілген уәкілетті тұлға болып табылады.
Акционерлер өтінішке қоса берілген тиісті құжаттардың шынайлығына толығымен жауап береді.
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(жіберілетін құжаттардың толық тізбесі, даналар мен олардың әрқайсысы
 _____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының
атынан өтінішті беруге уәкілетті тұлғаның қолы, құжаттың
Полная версия
ИС BestProfi