Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 13.06.2020
Табиғи монополиялар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізудің тең жағдайларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 175 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 13 сәуірде № 10705 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 13 маусымнан бастап ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.05.2020 жылғы № 42 Бұйрығына сәйкес 
Редакция 05.05.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Табиғи монополиялар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.02.2017 жылғы № 95 Бұйрығына сәйкес (02.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.04.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1. Қоса беріліп отырған Табиғи монополиялар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізудің тең жағдайларын ұсыну қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде және мерзімдік баспасөз басылымдарында ресми жариялауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасының 
      Ауыл шаруашылығы министрі 
      ______________ А. Мамытбеков 
      2014 жылғы «____» __________ 
«КЕЛІСІЛДІ» 
      Қазақстан Республикасының 
      Инвестициялар және даму министрі 
      ______________ Ә. Исекешев 
      2014 жылғы «____» __________ 
«КЕЛІСІЛДІ» 
      Қазақстан Республикасының 
      Энергетика министрі 
      ______________ В. Школьник 
      2014 жылғы 17 наурыз 
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2014 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 175 бұйрығымен бекітілген
Табиғи монополиялар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізудің тең жағдайларын ұсыну қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.02.2017 жылғы № 95 Бұйрығына сәйкес (02.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.04.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1. Осы Табиғи монополиялар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізудің тең жағдайларын ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су Кодексіне, 1998 жылғы 9 шілдедегі «Табиғи монополиялар туралы», 2004 жылғы 9 шілдедегі «Электр энергетикасы туралы», 2001 жылғы 8 желтоқсандағы «Темір жол көлігі туралы», 2010 жылғы 15 шілдедегі «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы», 2002 жылғы 17 қаңтардағы «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және электр энергиясын беру және (немесе) бөлу, жылу энергиясын өндіру, жылу энергиясын беру және (немесе) бөлу және электр энергиясын желiге беруді және тұтынуды техникалық диспетчерлендіру, магистральдық темір жол желісі, кірме жолдар, әуежайлар, порттар мен аэронавигация, газды немесе газ конденсатын сақтау, таратушы құбыржолдары арқылы тасымалдау, газ таратушы қондырғыларды және олармен байланысты газ таратушы газ құбырларын пайдалану және сумен жабдықтау және су бұру саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің (бұдан әрі – Субъектілер) реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тұтынушылардың тең қол жеткізуін қамтамасыз ететін тәртіпті және жалпы қағидаттарды айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.02.2017 жылғы № 95 Бұйрығына сәйкес (02.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.04.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жеңілдіктер мен басымдықтарды ескере отырып қызметтерді ұсыну жағдайларына қолданылмайды.
3. Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
Полная версия
ИС BestProfi