Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 23.03.2018
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 31 наурыздағы
№ 249 бұйрығына
1-қосымша
Тауарларды уақытша сақтау орындарына орналастыруды растау, тауарлар мен көлік құралдарын уақытша сақтауға орналастыруды растайтын құжаттарды қабылдау және тіркеу қағидалары
Қағидалар күшін жойды 2018 жылғы 23 наурызынан бастап ҚР Қаржы министрінің 16.02.2018 ж. № 215 Бұйрығына сәйкес
1. Осы Қағидалар«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы»Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 260, 266-баптарына сәйкес әзірленді және тауарларды уақытша сақтау орындарына орналастыруды растау, тауарлар мен көлік құралдарын уақытша сақтауға орналастыруды растайтын құжаттарды қабылдау және тіркеу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
жөнелтуші кеден органы - тауарларды кедендік транзиттің кедендік рәсіміне орналастыруға байланысты кедендік операцияларды жасайтын мемлекеттік кірістер органы және/немесе Кеден одағына мүше мемлекеттің өзге кеден органы;
межелі кеден органы - қызмет өңірінде жөнелтуші кеден органы белгілеген тауарларды жеткізу орны бар не кедендік транзиттің кедендік рәсімін аяқтайтын мемлекеттік кірістер органы және (немесе) Кеден одағына мүше мемлекеттің өзге кеден органы;
3. Тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін тасымалдаушы, тауарларға қатысты өкілеттігі бар өзге тұлғалар, немесе олардың өкілдері мемлекеттік кірістер органына көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) тауарлар, тауарларды жөнелтуші (алушы), оларды жөнелтуші (межелі) ел туралы мәліметтері бар кедендік құжаттарды ұсынады.
Мұндай құжаттар мемлекеттік кірістер органына электрондық құжаттар түрінде ұсынылуы мүмкін.
4. Өткізу пунктінде орналасқан мемлекттік кірістер органы көліктік (тасымалдау) және коммерциялық құжаттардың куәландырылған көшірмелерінің екі данасын қабылдайды, ал межелі кеден органы транзиттік декларацияны қабылдайды.
Тауарлар теміржол көлігімен келген жағдайда, өткізу пунктінде орналасқан мемлекеттік кірістер органы теміржол жөнелтпе құжатының бірыңғай үлгісін, сондай-ақ теміржол жөнелтпе құжатының және коммерциялық құжатының куәландырылған көшірмелерінің екі данасын қабылдайды, ал межелі кеден органы транзиттік декларацияны қабылдайды.
5. Тауарларды уақытша сақтауға орналастыруды растау үшін мемлекеттік кірістер органына ұсынылатын құжаттарда:
кедендік транзит кеден рәсімінің аяқталуы туралы белгілер;
уақытша сақтау орнының атауы және уақытша сақтау орны иесінің мөрімен (ол болған жағдайда) куәландырылған уақытша сақтау орнының есептік нөмірі қамтылуы тиіс.
Уақытша сақтау орнының есептік нөмірі мынадай схема бойынша қалыптастырылады:
мұнда 11 және 22 - тиісінше тіркеу күні мен айы,
444444 - уақытша сақтау орнында орналастырылған тауарларды есепке алу кітабы бойынша реттік нөмірі.
6. Кодекстің 265-бабына сәйкес тауарларды өзге орындарда уақытша сақтаған жағдайда, ұсынылған құжаттарда сақтау орнының мекенжайы және уақытша сақтауға орналастыру күні көрсетіледі, олар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тауар алушының мөрі болуы тиіс болса, аталған адамның мөрімен расталады.
Кодекстің 265-бабына сәйкес тауарлар мен көлік құралдары өзге орындарға уақытша сақтауға орналастырылған кезде қосымша:
тауарға қатысты өкілеттіктері бар адамның еркін нысандағы жазбаша өтініші;
кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді растайтын құжат;
тауарлар мен көлік құралдарын Кодекстің 265-бабы 1-тармағының тармақшасында көзделген өзге уақытша сақтау орындарына орналастыру кезінде өзге уақытша сақтау орны орналасқан аумақ алушыға тиесілі немесе ол жалдау құқығында пайдаланатынын растайтын құжаттың көшірмесі;
тауарлар мен көлік құралдарын Кодекстің 265-бабы 1-тармағының тармақшасында көзделген өзге уақытша сақтау орындарына орналастыру кезінде өзге уақытша сақтау орны орналасқан темір жол учаскесі тауарға қатысты өкілеттіктері бар тұлғаның меншігі болып табылатынын не көрсетілген тұлға жалдау құқығында пайдаланатынын растайтын құжаттың көшірмесі ұсынылады.
7. Мемлекеттік кірістер органының жауапты лауазымды адамы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша журналда тауарлар мен көлік құралдарын уақытша сақтауға орналастыруды растайтын қүжатты тіркейді.
8. Тауарларды уақытша сақтау орнына орналастыруды растайтын құжаттардың тіркеу нөмірі мынадай схема бойынша қалыптастырылады:
11111 — уақытша сақтау орнына тауарлар мен көлік құралдарын орналастыруды растайтын құжатты тіркеген мемлекеттік кірістер органының коды;
22 және 33 -— тиісінше тіркеу күні мен айы,
555555 - тіркеу журналы бойынша реттік нөмірі.
9. Тауарлар мен көлік құралдарын уақытша сақтауға орналастыруды растау ұсынылған құжаттардың және олардың көшірмелерінің бірінші парақтарының бос орнында жауапты лауазымды адамның қолымен және жеке нөмірлік мөрінің бедерімен куәландырылған, осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша уақытша сақтау орнының тіркеу нөмірі, уақытша сақтау орны, тіркеу күні мен уақыты, уақытша сақтау мерзімінің аяқталу күні туралы мәліметтер қамтылған мөртабан қою болып табылады.
Осы Қағиданың қосымшасына сәйкес нысан бойынша теміржол құжаттамасының барлық парақтарының бос орындарына, сондай-ақ ұсынылған құжаттардың бірінші парақтарында және олардың көшірмелерінде мөр қою теміржол көлігімен келген тауарларды және көлік құралдарын уақытша сақтауға орналастыруды растау болып табылады.
10. Өткізу пунктінде орналасқан мемлекеттік кірістер органында тіркеу туралы белгілері бар көлік (тасымалдау) және коммерциялық құжаттар көшірмелерінің бір данасы тасымалдаушыға немесе тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге тұлғаларға немесе олардың өкілдеріне беріледі, ал тіркеу туралы мемлекеттік кірістер органының белгілері бар көшірменің екінші данасы мемлекеттік кірістер органында қалады.
Межелі кеден органында немесе мемлекеттік кірістер органының тіркеу туралы белгілері бар транзиттік декларация тасымалдаушыға немесе тауарларға қатысты өкілеттігі бар өзге тұлғаларға немесе олардың өкілдеріне беріледі.
Тауарларды уақытша сақтау
орындарына орналастыруды
растау, тауарлар мен көлік
құралдарын уақытша сақтауға
орналастыруды растайтын
құжаттарды қабылдау және
тіркеу қағидаларына
Қосымша
Тауарларды уақытша сақтауға орналастыру туралы құжаттардың тіркелуін растайтын мөртаңбаның нысаны

Мемлекетік кірістер органының коды








 

(Мемлекетік органның атауы)

«ТАУАР УАҚЫТША САҚТАУҒА ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ»





Тауарды уақытша сақтауға орналастыруды растайтын құжаттардың тіркеу №___________________________________



_______________________________________________________

Уақытша сақтау орны________________________________________



___________________________________________________________

Сақтау мерзімінің аяқталған күні 20__ж. «__»_______________








 

Ескертпе: мөртаңбаның ұсынылатын мөлшері - 60 х 90 мм
Полная версия
ИС BestProfi