1. Осы Қағидалар (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы»2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 329-бабына сәйкес әзірленді және кедендік транзиттің кеден рәсімін аяқтау үшін тасымалдаушының межелі кеден органына құжаттарды беруін тіркеу тәртібін айқындайды.
Кедендік транзиттің кеден рәсімін аяқтау үшін ұcынылатын құжаттарды беруді тіркеу қағидалары
Қағидалар күшін жойды 2018 жылғы 23 наурызынан бастап ҚР Қаржы министрінің 16.02.2018 ж. № 215 Бұйрығына сәйкес
2. Қағидаларда Кодекспен белгіленген мынадай терминдер қолданылады:
тасымалдаушы - тауарларды және (немесе) жолаушыларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тасымалдауды және (немесе) Кеден одағының кедендік аумағы шегінде кедендік бақылаудағы тауарларды тасымалдауды жүзеге асыратын немесе көлік құралдарын пайдаланғаны үшін жауапты болып табылатын тұлға;
жөнелтуші кеден органы - тауарларды кедендік транзиттің кеден рәсіміне орналастыруға байланысты кедендік операцияларды жасайтын мемлекеттік кірістер органы және/немесе кеден одағына мүше мемлекеттің өзге кеден органы;
межелі кеден органы - қызмет өңірінде жөнелтуші мемлекеттік кірістер органы белгілеген тауарларды жеткізу орны бар не кедендік транзиттің кеден рәсімін аяқтайтын мемлекеттік кірістер органы және (немесе) Кеден одағына мүше мемлекеттің өзге кеден органы;
транзиттік декларация - кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды өткізген кезде қолданылатын, кедендік декларацияның бір түрі болып табылады. Кедендік декларация ретінде көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де, оның ішінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен айқындалған, Кодекстің 280-бабының 3-тармағында көрсетілген мәліметтері бар құжаттар ұсынылуы мүмкін.
3. Тасымалдаушы Кодекстің 329-бабына сәйкес транзиттік декларацияны, сондай-ақ кедендік транзит кеден рәсімінің аяқталуын ресімдеу кезінде құжаттарды беруді тіркеу үшін межелі кеден органына құжаттарды ұсынады.
4. Межелі кеден органының лауазымды адамы тасымалдаушы құжаттарды ұсынған сәттен бастап бір сағат ішінде осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша келу туралы хабарламаларды тіркеу журналына құжаттарды тіркейді.
5. Межелі кеден органының уәкілетті лауазымды адамы құжаттарды тіркегеннен кейін тасымалдаушыға мұндай тіркеу туралы жазбаша растама береді.
Құжаттарды тіркеу туралы растаманы берілген құжаттардың нөмірлерін, парақтардың жалпы санын, қолы мен жеке нөмірлі мөр бедері қойылған құжаттарды тіркеу күні мен уақытын көрсете отырып, уәкілетті лауазымды адам еркін нысанда жасайды.
6. Межелі кеден органының уәкілетті лауазымды адамы, транзитті аяқтау кезінде мынадай:
1) жөнелтуші кеден органдарының белгісімен транзиттік декларация;
2) транзиттік декларацияны құрайтын құжаттар тізімдемесінде көрсетілген құжаттар (транзиттік декларация ретінде көліктік (тасымалдау) және (немесе) коммерциялық құжаттар қолданылған жағдайда);
3) межелі кеден органының талап етуі бойынша тауарлар;
4) Кодекстің 324-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, кедендік транзит кеден рәсімін аяқтауға байланысты кедендік операцияларды жасауға құқылы мемлекеттік кірістер органына құжаттар ұсынылған жағдайларда құжаттарды тіркейді.
Құжаттарды тіркеуден бас тартуды уәкілетті лауазымды адам бас тартудың негіздерін көрсете отырып, жазбаша нысанда ресімдейді, ол мұндай бас тарту туралы қабылданған шешімнің күні мен уақытын қоя отырып, уәкілетті лауазымды адамның қолтаңбасымен және жеке нөмірлі мөр бедерімен куәландырылады.
Құжаттарды тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда, мемлекеттік кірістер органының уәкілетті лауазымды адамы тасымалдаушыға ұсынылған құжаттарды қайтарады.
7. Мемлекеттік кірістер органының уәкілетті лауазымды адамының ескертулері жойылған жағдайда тасымалдаушы осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен кеден органына қайта жүгінеді.
8. Мемлекеттік кірістер органының кедендік транзит кеден рәсімінің аяқталуын ресімдеуі кезінде құжаттарды беруді тіркеуден бас тарту туралы шешімге тасымалдаушы Қазақстан Республикасының қолданыстағы кеден заңнамасына сәйкес шағымдануы мүмкін.
Кедендік транзиттің кеден рәсімін аяқтау үшін ұсынылатын құжаттарды беруді тіркеу қағидаларына 1-қосымша
Нысан
Тауарлардың келуі туралы хабарламаларды тіркеу журналы
_____________________________________________ (мемлекеттік кірістер органының атауы мен коды)
Келу туралы хабарал аманың реттік нөмірі |
Келу туралы хабарал аманың қабылда нған күні мен уақыты |
Көлік құрал ының (тірк еменің) тірке у нөмір і |
Көлікт ік (тасым алдау) құжатт ар бойынш а жалпы брутто салмағ ы (кг), қосымш а өлшем бірліг індегі көлемі |
Тасымалд аушының атауы |
ХЖТ кітапш асының нөмірі (ХЖТ Конвец иясына сәйкес тауарл арды тасыма лдау кезінд е) |
Көліктік (тасымалдау) құжаттардың нөмірі мен күні |
Кіру кезін де бар болса бақыл ау талон ының нөмір і мен күні |
Бар болса кедендік тексеру (қарап тексеру) акті сінің нөмі рі мен күні |
Келу туралы хабарл аманы тіркег ен лауазы мды адамны ң Т.А.Ә. және жеке нөмірл і мөріні ң нөмірі |
Ескертпе |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|