Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.03.2016
Құрылыс салудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 238 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 наурызда № 10523 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2016 жылғы 1 наурыздан бастап ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.11.2015 жылғы № 750 Бұйрығына сәйкес
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 23-14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 
1. Қоса беріліп отырған Құрылыс салудың үлгілік қағидалары бекітілсін.
1) «Құрылыс салудың аумақтық ережелерін әзірлеудің қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2012 жылғы 10 желтоқсандағы № 603 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8267 тіркелген, 2013 жылғы 17 қазандағы № 233 (2812) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған);
2) «Құрылыс салудың аумақтық ережелерін әзірлеудің қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2012 жылғы 10 желтоқсандағы № 603 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2014 жылғы 10 қаңтардағы № 3/НҚ бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9145 тіркелген, 2014 жылғы 4 наурызда № 43 (28267) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) күштері жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімдік баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің жетекші вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Е. Досаев
Қазақстан Республикасы
 Ұлттық экономика министрінің
 2015 жылғы 20 наурыздағы
 № 238 бұйрығымен бекітілген
1. Осы _______________ аумағында құрылыс салу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шілдедегі Азаматтық кодексіне, 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне (бұдан әрі – Жер кодексі), 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексіне, 2001 жылғы 30 қаңтардағы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы», 1994 жылғы 3 қарашадағы «Жеке тұрғын үй құрылысы туралы», 2003 жылғы 19 желтоқсандағы «Жарнама туралы», 2006 жылғы 31 қаңтардағы «Жеке кәсіпкерлік туралы» заңдарына, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленді және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерінің жер учаскелерін пайдалану, елді мекеннің аумағы мен қала маңындағы аймақтарды жобалау мен салу жөніндегі шарттар мен талаптарды белгілейді, жаңа объектілер салуға және орналастыруға, қолданыстағы жылжымайтын мүлік объектілерін өзгертуге (қайта бейімдеу, қайта жабдықтау, қайта жоспарлау, реконструкциялау, кеңейту, күрделі жөндеу), жер учаскесінің нысаналы мақсатын, үй-жайлардың функционалдық мақсатын өзгертуге, жылжымайтын мүлік объектілерін пайдалануға беруге, сондай-ақ қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстарды бұзуға рұқсат беру рәсімдерін өту тәртібін белгілейді, сондай-ақ, _______________ аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асырумен байланысты өзге де қарым-қатынастарды реттейді.
2. Қағидалар жергілікті атқарушы органдардың (бұдан әрі - ЖАО), табиғи монополиялар субъектілерінің, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында бақылау және қадағалау органдарының, сондай-ақ, меншік нысанына қармастан, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерінің инженерлік инфрақұрылым желілерін қоса алғанда, құрылыс салу және/немесе реконструкциялау объектілеріне қойылатын, сондай-ақ, жылжымайтын объектілер иелерінің оларды пайдалану және күтіп ұстау бөлігінде, оның ішінде қала құрылысы құжаттамасын әзірлеу мен оның қала құрылысы кешенді сараптамасын жүргізу кезінде қолдануы үшін міндетті ережелер мен талаптарды белгілейді.
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) аумақтарды аймақтарға бөлу - қала құрылысын жоспарлау кезiнде жекелеген аймақтарды қала құрылысына пайдалану түрлерi мен оларды пайдалану жөнiндегi мүмкiн болатын шектеулердi белгiлей отырып аумақтарды функционалдық аймақтарға бөлу;
Полная версия
ИС BestProfi