Близость слов: Окончание:





Суды бақылау мен есепке алуды нормативтiк-техникалық, санитариялық-эпидемиологиялық және метрологиялық қамтамасыз ету талаптарын әзiрлеу, келiсу және бекiту қағидаларын бекiту туралы
 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 1 маусымдағы № 19-2/508 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 4 тамызда № 11836 тіркелді
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 83-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Суды бақылау мен есепке алуды нормативтiк-техникалық, санитариялық-эпидемиологиялық және метрологиялық қамтамасыз ету талаптарын әзiрлеу, келiсу және бекiту қағидалары бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
___________ Ә. Исекешев
2015 жылғы 25 маусым
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
___________ Е. Досаев
2015 жылғы 3 шілде
Қазақстан Республикасы
 Ауыл шаруашылығы министрінiң
 2015 жылғы 1 маусымдағы
 № 19-2/508 бұйрығымен бекiтілген
Суды бақылау мен есепке алуды нормативтiк-техникалық, санитариялық-эпидемиологиялық және метрологиялық қамтамасыз ету талаптарын әзiрлеу, келiсу және бекiту қағидалары
1. Осы Суды бақылау мен есепке алуды нормативтiк-техникалық, санитариялық-эпидемиологиялық және метрологиялық қамтамасыз ету талаптарын әзiрлеу, келiсу және бекiту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексiнің (бұдан әрі – Кодекс) 83-бабының 3-тармағына, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Денсаулық кодексі) 12-бабының 4-тармағына, «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» 2004 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабына сәйкес әзiрлендi және суды бақылау мен есепке алудың нормативтiк-техникалық, санитариялық-эпидемиологиялық және метрологиялық қамтамасыз ету талаптарын әзiрлеу, келiсу және бекiту тәртiбiн анықтайды.
2. Суды бақылау мен есепке алуды нормативтiк-техникалық, санитариялық-эпидемиологиялық және метрологиялық қамтамасыз ету жүйесi ұлттық стандарттарды, санитариялық-эпидемиологиялық қағидаларды, өлшемдерді орындау әдістемелерін қамтиды.
3. Суды бақылау мен есепке алуды нормативтiк-техникалық, санитариялық-эпидемиологиялық және метрологиялық қамтамасыз ету талаптары Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес әзiрленедi.
4. Осы Қағидаларда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган – жер қойнауын геологиялық зерттеу, ұтымды және кешенді пайдалану саласында мемлекеттік саясатты іске асыру және бақылау жөніндегі функцияларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жер қойнауын пайдалану саласындағы өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
2) су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – елді мекендер шегінен тыс жерлерде су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы басқару мен бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
3) техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті орган – техникалық реттеу және метрология саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
5. Мемлекеттiк метрологиялық бақылау жүзеге асырылатын салаларда қолданылатын өлшемдердi орындау әдiстемелерi мiндеттi метрологиялық аттестатталуға және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк жүйесi тiзiлiмiнде тiркелуге тиiс.
6. Заңның 17-бабының 3-тармағына сәйкес өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк жүйесiнің тiзiлiмiнде тіркелген және салыстырып тексерілген суды бақылау мен есепке алу аспаптарын қолдануға рұқсат етіледі.
2. Суды бақылау мен есепке алуды нормативтiк-техникалық, санитариялық-эпидемиологиялық және метрологиялық қамтамасыз ету талаптарын әзiрлеу, келiсу, бекiту тәртібі
7. Суды бақылау мен есепке алуды нормативтiк-техникалық, санитариялық-эпидемиологиялық және метрологиялық қамтамасыз ету талаптарын әзiрлеу Кодекстің 83-бабының 3-тармағына, Денсаулық кодексінің 7-1-бабының 2) тармақшасына, Заңның 5-бабына, санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтерге сәйкес жүзеге асырылады.
8. Суды бақылау мен есепке алуды нормативтiк-техникалық, санитариялық-эпидемиологиялық және метрологиялық қамтамасыз ету талаптарын әзiрлеу кезiнде ғылыми-зерттеу, тәжiрибелiк-конструкторлық, тәжiрибелiк-технологиялық, жобалау жұмыстарының нәтижелерi, патенттiк зерттеулердiң нәтижелерi, отандық және шетелдiк ғылымның, техника мен технологияның заманауи жетiстiктерi туралы ақпарат пайдаланылады.
9. Суды бақылау мен есепке алуды нормативтiк-техникалық, санитариялық-эпидемиологиялық және метрологиялық қамтамасыз ету талаптарын бекітуді:
1) жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлетті орган уәкілетті органмен және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органның ведомствосымен келiсiм бойынша жер асты суларын бақылау мен есепке алу мәселелерi бойынша нормативтiк-техникалық актілер жобаларын дайындау шеңберiнде;
2) уәкілетті орган халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органның ведомствосымен келiсiм бойынша жер үсті суларын бақылау мен есепке алу мәселелерi бойынша нормативтiк-техникалық актілер жобаларын дайындау шеңберiнде;
3) уәкілетті орган техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша суларды бақылау мен есепке алуды метрологиялық қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік құжаттар жобаларын әзірлеу шеңберінде;
4) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органның ведомствосы уәкілетті органмен және техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті органмен келiсiм бойынша судың санитариялық-эпидемиологиялық жай-күйiн бақылау мен есепке алу мәселелерi бойынша нормативтiк-техникалық актілер жобаларын дайындау шеңберiнде жүзеге асырады.
10. Суды бақылау мен есепке алуды нормативтiк-техникалық, санитариялық-эпидемиологиялық және метрологиялық қамтамасыз ету талаптары қамтылатын нормативтiк-техникалық актiлер жобаларын осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетiлген уәкiлеттi мемлекеттiк органдарда қарау және келiсу мерзiмi отыз күнтiзбелiк күннен аспайды.
Полная версия
ИС BestProfi