«Экспорттау кезінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге ветеринариялық сертификат беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті
Регламенттің тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 18.12.2015 жылғы № 7-1/1098 Бұйрығына сәйкес (24.08.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.01.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Осы Регламент күшін жойды 2021 жылғы 3 тамыздан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.05.2021 жылғы № 171 Бұйрығына сәйкес
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 18.04.2019 жылғы № 159 Бұйрығына сәйкес (18.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 11.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. «Экспорттау кезінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге ветеринариялық сертификат беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы және оның орынбасары, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, ауданның, облыстық маңызы бар қалалардың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы және оның орынбасары бекіткен тізім негізінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
1-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 18.12.2015 жылғы № 7-1/1098 Бұйрығына сәйкес (24.08.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.01.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 18.04.2019 жылғы № 159 Бұйрығына сәйкес (18.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 11.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – экспорттау кезінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге ветеринариялық сертификат (бұдан әрі – ветеринариялық сертификат), не осы Регламентке 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 маусымдағы № 7-1/418 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11959 болып тіркелген) бекітілген «Экспорттау кезінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге ветеринариялық сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – стандарт) 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту.
3-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 18.12.2015 жылғы № 7-1/1098 Бұйрығына сәйкес (24.08.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.01.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) іс-қимылдары тәртібінің сипаттамасы
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 18.04.2019 жылғы № 159 Бұйрығына сәйкес (18.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 11.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге қағаз немесе электрондық тәсілмен стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттары қоса берілген өтінішінің (бұдан әрі – өтініш) болуы мемлекеттік қызметті көрсету рәсімін (іс-қимылын) бастау үшін негіз болып табылады.
1) кеңсе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті алуға берген өтінішін тіркейді, жауапты орындаушыны (бұдан әрі – орындаушы) айқындау үшін өтінішті көрсетілетін қызметті беруші басшылығына (бұдан әрі – басшылық) жолдайды – 30 (отыз) минут;
ұсынылған өтінішпен танысады, ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні қарап тексеруді және көлік құралының ветеринариялық-санитариялық жай-күйін бағалауды жүргізеді – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде;
3-тармақшаның екінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 18.12.2015 жылғы № 7-1/1098 Бұйрығына сәйкес (24.08.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.01.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
өтініш беруші құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің және көлік құралының ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға және қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмегенде орындаушы көрсетілген мерзімдерде басшылыққа қол қойған өтінішті әрі қарай қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін кеңсеге жолдайды;
орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге экспорттау кезіндегі ветеринариялық сертификатты ресімдейді, басшыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін немесе стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден жазбаша дәлелді бас тартуды қою үшін жолдайды – 5 (бес) сағат;