1. Мемлекеттік корпорацияға:
1) осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш.
Осы өтініш сондай-ақ электрондық түрде word немесе excel форматында ұсынылады;
2) жеке басын куәландыратын құжат және өкілдің өкілеттігін растайтын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
3) шетелдік заңды тұлға үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркелуіне (қайта тіркелуін) растайтын құжат;
4) шетелдік жеке тұлға үшін ‒ жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат, кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығын растайтын құжат;
5) өнімді әкетуге рұқсаттың болуы туралы экспорттаушы елдің экспорттық бақылау мәселелері жөніндегі уәкілетті органы берген құжат;
6) сыртқы сауда мәмілесіне қатысушылар (сатушы, жүк жөнелтуші, сатып алушы, жүк алушы, делдал) арасында өнімнің номенклатурасын және көлемін көрсете отырып, оның қосымшаларымен және (немесе) толықтыруларымен бірге нақты және құндық көріністегі өнімді жеткізуге арналған келісімшарт;
7) «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Сақтандыру қызметі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының занңамасы) сәйкес көрсетілетін қызметті алушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарты;
8) Қазақстан Республикасының ядролық және радиациялық қауіпсіздік жөніндегі құзыретті органдары рұқсатының қолданылу шарттарын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерінің бұзылуы анықталған жағдайда, тасымалдаудың нақты жағдайларына тексеру жүргізуге, сондай-ақ ықтимал уақытша сақтауға, кері тасымалдауға, сараптауға және атқарушы органдардың басқа да қажетті іс-қимылдарына байланысты шығыстарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ядролық және радиациялық қауіпсіздік жөніндегі құзыретті органдары рұқсатының қолданылу шарттарын қоса алғанда, анықталған ауытқуларды Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келтіру және/немесе жүкті экспорт мемлекетіне қайтару қажеттілігіне байланысты (келісімшарттың нөмірі мен күнін көрсете отырып);
9) егер жүкті жүк алушыға беру оған байланысты емес себептер бойынша мүмкін болмаған жағдайда (келісімшарттың нөмірі мен күнін көрсете отырып) транзитпен тасымалданатын өнімді кері қабылдауға оның сөзсіз келісімін растайтын өнімді жүк жөнелтушінің (көрсетілетін қызметті берушіге жолданған) хаты;
10) осы Қағидаларға қосымшасына сәйкес нысан бойынша мәлімделген транзиттік тасымалдауды жүзеге асыру кезінде қозғалыс маршруты, кіру және шығу шекаралық пункттері, көлік түрі туралы мәліметтер;
Ескертпе:
Осы тармақтын 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген түп нұсқалар немесе нотариалды куәландырылған көшірмелерде ұсынылады.
Шет тілдерінде жасалған құжаттар Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіліне немесе орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармасымен ұсынылады.
2. Порталға:
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) шетелдік заңды тұлға үшін – заңды тұлғаның мемлекеттук тіркеуін (қайта тіркелуін) растайтын электрондық көшірмесі;
3) шетелдік жеке тұлға үшін – жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың, кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
4) экспорттаушы елдің экспорттық бақылау мәселелері жөніндегі уәкілетті органы берген өнімді әкетуге рұқсаттың болуы туралы құжаттың электрондық көшірмесі.
5) сыртқы сауда мәмілесіне қатысушылар (сатушы, жүк жөнелтуші, сатып алушы, жүк алушы, делдал) арасында өнімнің номенклатурасын және көлемін көрсете отырып, оның қосымшаларымен және (немесе) толықтыруларымен бірге нақты және құндық көріністегі өнімді жеткізуге арналған келісімшарттың электрондық көшірмесі;
6) сақтандыру қызметі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартының электрондық көшірмесі;
7) Қазақстан Республикасының ядролық және радиациялық қауіпсіздік жөніндегі құзыретті органдары рұқсатының қолданылу шарттарын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерінің бұзылуы анықталған жағдайда, тасымалдаудың нақты жағдайларына тексеру жүргізуге, сондай-ақ ықтимал уақытша сақтауға, кері тасымалдауға, сараптауға және атқарушы органдардың басқа да қажетті іс-қимылдарына байланысты шығыстарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ядролық және радиациялық қауіпсіздік жөніндегі құзыретті органдары рұқсатының қолданылу шарттарын қоса алғанда, анықталған ауытқуларды Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келтіру және/немесе жүкті экспорт мемлекетіне қайтару қажеттілігіне байланысты (келісімшарттың нөмірі мен күнін көрсете отырып);
8) егер жүкті жүк алушыға беру оған байланысты емес себептер бойынша мүмкін болмаған жағдайда, транзитпен тасымалданатын өнімді кері қабылдауға оның сөзсіз келісімін растайтын (келісімшарттың нөмірі мен күнін көрсете отырып) өнімді жүк жөнелтушінің (көрсетілетін қызметті берушіге жолданған) хатының электрондық көшірмесі;
9) осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәлімделген транзиттік тасымалдауды жүзеге асыру кезінде қозғалыс маршруты, кіру және шығу шекаралық пункттері, көлік түрі туралы мәліметтерінің электрондық көшірмесі;
Осы тармақтың 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген құжаттар нотариалды куәландырылған көшірмелерде ұсынылады.
Шет тілдерінде жасалған құжаттар Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіліне немесе орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармасымен ұсынылады.
3. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне:
1) осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) өнімді әкетуге рұқсаттың болуы туралы экспорттаушы елдің экспорттық бақылау мәселелері жөніндегі уәкілетті органы берген құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі.
3) сыртқы сауда мәмілесіне қатысушылар (сатушы, жүк жөнелтуші, сатып алушы, жүк алушы, делдал) арасында өнімнің номенклатурасын және көлемін көрсете отырып, оның қосымшаларымен және (немесе) толықтыруларымен бірге нақты және құндық көріністегі өнімді жеткізуге арналған келісімшарттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
4) егер жүкті жүк алушыға беру оған байланысты емес себептер бойынша мүмкін болмаған жағдайда (келісімшарттың нөмірі мен күнін көрсете отырып) транзитпен тасымалданатын өнімді кері қабылдауға оның сөзсіз келісімін растайтын өнімді жүк жөнелтушінің (көрсетілетін қызметті берушіге жолданған) хаты);
5) осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәлімделген транзиттік тасымалдауды жүзеге асыру кезінде қозғалыс маршруты, кіру және шығу шекаралық пункттері, көлік түрі туралы мәліметтер;
6) әскери қарауыл адамдарының санын, олардың қаруы мен оқ-дәрілері туралы деректерді (маркасы (типі), калибрі, саны) көрсете отырып, әскери қарудың әрбір әкелінетін бірлігіне әскери қарауыл әскери (қосарлы) мақсаттағы өнімнің транзитімен ілесіп жүру кезінде әскери қарауыл туралы ақпарат. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде Қазақстан Республикасына келуге немесе Қазақстан Республикасынан кетуге құқық беретін адамдардың (әскери қарауыл құрамынан) құжаттары, бекітілген қаруды, оқ-дәрілерді көрсете отырып, әскери бөлімнің лауазымды адамдары бекіткен әскери қарауыл адамдарының атаулы тізімі және әскери қарауылдың тиісті ілеспе құжаттары (нұсқама, наряд, қорытынды) ұсынылады.
Ескертпе:
Шет тілдерінде жасалған құжаттар Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіліне немесе орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармасымен ұсынылады.
Осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген келісім-шарт болмаған кезде өнімді жеткізу қажеттілігін негіздейтін құжаттар ұсынылады.
Осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген, елдің заңнамасында көзделмеген құжаттың болмауы түсіндірме-хат ұсынылады.
|