1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 26 қазандағы № 18-03/947 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 24 қарашада 12314 болып тіркелді
Редакция 01.01.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
БҰЙЫРАМЫН:
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 26 қазандағы № 18-03/947 бұйрығына қосымша
Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрықтарының тізбесі
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 23.05.2016 жылғы № 232 Бұйрығымен (26.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.07.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.05.2020 жылғы № 181 Бұйрығына сәйкес (04.02.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ күшін жойды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 06.11.2024 жылғы № 372 Бұйрығына сәйкес (04.02.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. «Ормандарды молықтыру мен орман өсіру және олардың сапасына бақылау жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 18-02/681 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10119 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 3 сәуірде жарияланған):
«1. Қоса беріліп отырған Ормандарды молықтыру мен орман өсiру және олардың сапасына бақылау жасау қағидалары бекітілсін.»;
«2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.».
Полная версия