Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 18.10.2021
"Объектілер құрылысының жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге үміткер заңды тұлғаларды аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 қарашадағы № 700 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 27 қарашада № 12322 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 18 қазаннан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 11.08.2021 жылғы № 431 Бұйрығына сәйкес
Редакция 17.06.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 
1. Қоса берілген «Объектілер құрылысының жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге үміткер заңды тұлғаларды аккредиттеу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
2. Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі Е. Досаев
Қазақстан Республикасы Ұлттық
 экономика министрінің
 2015 жылғы 19 қарашадағы
 № 700 бұйрығымен бекітілді
«Объектілер құрылысының жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге үміткер заңды тұлғаларды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. «Объектілер құрылысының жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге үміткер заңды тұлғаларды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады:
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
Полная версия
ИС BestProfi