1. Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттырудың осы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 15) тармақшасына және 34-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік қызметшілерді жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша даярлау, қосымша білім беру бағдарламалары бойынша қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру тәртібін айқындайды.
Внимание! Документ утратил силу с 05.05.2018
Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру ҚАҒИДАЛАРЫ
Осы Қағидалар күшін жойды ҚР Президентінің 05.05.2018 жылғы № 681 Жарлығына сәйкес
Редакция 13.07.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Мемлекеттік қызметшілерді даярлау және қайта даярлау
2. Мемлекеттік қызметшілерді даярлау мемлекеттік органның жолдамасы бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде жүзеге асырылады.
3. «А» және «Б» корпустарының мемлекеттік әкімшілік қызметіне алғаш кірген не «Б» корпусының әкімшілік басшы лауазымына алғаш тағайындалған адамдарды қайта даярлау Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында (бұдан әрі – Академия) және мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталықтарында (бұдан әрі – орталықтар) жүзеге асырылады.
4. Тиісті орталықта қайта даярлаудан өтуге жіберілетін, республикалық маңызы бар қалада орналасқан мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілерін қоспағанда, Академияда «А» корпусының қызметшілері, «Б» корпусының А, В санаттары тобының, С-1, С-2, С-3, С-4, С-5, С-О-1, С-О-2, D-1, D-2, D-3, D-O-1, D-O-2, E-1, E-2 санаттарының қызметшілері қайта даярлаудан өтеді.
Орталықтарда «Б» корпусының С-О-3, С-О-4, С-О-5, С-О-6, С-R-1, C-R-2, C-R-3, C-R-4, C-R-5, D-4, D-5, D-O-3, D-O-4, D-O-5, D-O-6, E-3, E-4, E-5, E-R-1, E-R-2, E-R-3, E-R-4, E-R-5, E-G-1, E-G-2, E-G-3, E-G-4 санаттарының қызметшілері қайта даярлаудан өтеді.
5. Мемлекеттік қызметшілер лауазымға тағайындалған күннен бастап алты айдан кешіктірілмей қайта даярлауға жіберіледі.
6. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне алғаш кірген мемлекеттік қызметшілер күндізгі-қашықтықтан оқыту нысанында қайта даярлаудан өтеді.
7. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне алғаш кірген мемлекеттік қызметшілер қайта даярлаудан күндізгі немесе күндізгі-қашықтықтан оқыту нысанында өтеді.
8. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік басшы лауазымына алғаш тағайындалған мемлекеттік қызметшілер қайта даярлаудан күндізгі оқыту нысанында өтеді.
9. Қайта даярлау мерзімінің ұзақтығы кемінде 120 академиялық сағаттан тұрады.
10. Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлаудың және олардың біліктілігін арттырудың жоспар-кестелері Академияда мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның келісімімен, орталықтарда – Академияның келісімімен қалыптастырылады.
11. Қайта даярлауды табысты аяқтаған мемлекеттік қызметшілерге біліктілікті арттыруды аяқтағанын растайтын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі бар құжат беріледі.
Қайта даярлау курстарын аяқтағанын растайтын құжатта қайта даярлаудан өткен мемлекеттік қызметші туралы мәліметтер (тегі, аты, әкесінің аты), мемлекеттік қызметші қайта даярлаудан өткен оқу орнының атауы, қайта даярлау курсының атауы, академиялық сағаттардың саны және қайта даярлау курстарының кезеңі, оқу орнының уәкілетті адамының лауазымы, тегі, қолы, қайта даярлау туралы куәліктің нөмірі, қайта даярлау өткізілген қала және оқу орнының елтаңбалық мөрі көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру
12. Мемлекеттік саяси қызметшілердің және «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің біліктілігін арттыру Академияда жүзеге асырылады.
13. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері біліктілігін арттырудан үш жылда бір реттен сиретпей өтеді. Біліктілікті арттыру мемлекеттік қызметшінің тиісті функционалдық міндеттеріне сәйкес бағыт бойынша жүргізіледі.
14. Мемлекеттік саяси қызметшілердің және «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің біліктілігін арттыру Академияның шетелдік оқытушылар шақыртылатын оқу бағдарламалары бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
15. Академияда «Б» корпусының А, В санаттар тобының, C-1, C-2, C-3, C-4, C-5, C-О-1, C-О-2, D-1, D-2, D-3, D-О-1, D-О-2, Е-1, Е-2 санаттарының қызметшілері біліктілікті арттырудан өтеді.
Орталықтарда «Б» корпусының C-О-3, C-О-4, C-О-5, C-О-6, С-R-1, С-R-2, С-R-3, С-R-4, С-R-5, D-4, D-5, D-О-3, D-О-4, D-О-5, D-О-6, Е-3, Е-4, Е-5, Е-R-1, Е-R-2, Е-R-3, Е-R-4, Е-R-5, Е-G-1, Е-G-2, Е-G-3, Е-G-4 санаттарының қызметшілері біліктілікті арттырудан өтеді.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері мемлекеттік органның қызмет бейіні бойынша ведомстволық және өзге де ұйымдарда да біліктілікті арттырудан өте алады.
16. «Б» корпусының қызметшілері біліктілігін арттырудан:
1) үш жылда бір реттен сиретпей:
2) жылдың қорытындысы бойынша «қанағаттанарлықсыз» баға алған жағдайда – қызметшілердің қызметін бағалаудың нәтижелері бойынша үш ай ішінде өтеді.
Осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген жағдайларда біліктілікті арттыру мемлекеттік қызметшінің тиісті функционалдық міндеттеріне сәйкес келетін және оның құзыреттерін дамытуға межеленген бағыт бойынша жүзеге асырылады.
Осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген біліктілікті арттыру мемлекеттік қызметші қызметінің қанағаттанарлықсыз деп танылған бағыты бойынша жүзеге асырылады.
17. Біліктілікті арттырудың ұзақтығы, шетелдік және халықаралық білім беру ұйымдарындағы біліктілікті арттыруды қоспағанда, 24-тен 80-ге дейінгі академиялық сағаттан тұрады.
18. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде оқыған «Б» корпусының қызметшісі Академияда оқуды бітірген соң екі жылдан кейін, бірақ үш жылдан кешіктірмей, біліктілігін арттыруға жіберіледі.
19. «Б» корпусы қызметшілерінің біліктілігін арттыру Академияның шетелдік оқытушылар шақыртылатын оқу бағдарламалары бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
20. Лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарында кәсіби сертификаттаудың болуы көзделетін «Б» корпусы қызметшілерінің біліктілігін арттыру тиісті бейіндегі мамандарды даярлауға маманданған ведомстволық және басқа да білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады.
21. Біліктілікті арттыруды табысты аяқтаған мемлекеттік қызметшілерге біліктілікті арттыруды аяқтағанын растайтын құжат беріледі.
Біліктілікті арттыру курстарын аяқтағанын растайтын құжатта мемлекеттік қызметші туралы мәліметтер (тегі, аты, бар болса әкесінің аты), мемлекеттік қызметші біліктілігін арттырған оқу орнының атауы, біліктілікті арттыру бағыты, академиялық сағаттардың саны және біліктілікті арттыру мерзімі, оқу орнының уәкілетті адамының лауазымы, тегі, қолы, сертификаттың нөмірі, біліктілікті арттыру өткізілген қала және оқу орнының елтаңбалық мөрі көрсетіледі.
22. Халықаралық ұйымдардан немесе шет мемлекеттердің үкiметтерiнен, оның ішінде мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хаб аясында қаражат және техникалық көмек не Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қаражат бөлінген жағдайларда, мемлекеттік орган функционалдық міндеттері біліктілікті арттыру тақырыбына сәйкес келетін мемлекеттiк қызметшіні біліктілігін арттыруға жібереді.
3. Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі қызметті үйлестіру
23. Даярлауды, қайта даярлауды және біліктілікті арттыруды ұйымдастыруды жетілдіру жөнінде ұсыныстар тұжырымдау мақсатында мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның жанынан үйлестіру кеңесі құрылады. Үйлестіру кеңесінің ережесі мен құрамын мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.
24. Мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметтері (кадр қызметтерi) жылдың қорытындысы бойынша келесі жылдың оныншы қаңтарына дейiн мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкiлеттi органға қайта даярлаудан және бiлiктiлiкті арттырудан өткен қызметшілер туралы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган белгiлеген нысан бойынша есеп бередi.
Мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметтері (кадр қызметтері) ағымдағы жылдың 10 желтоқсанына дейін мемлекеттік органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне келесі жылға арналған қайта даярлау және біліктілікті арттыру жөніндегі жоспарды ұсынады.
4. Мемлекеттік қызметшілерді даярлаудың, қайта даярлаудың және олардың біліктілігін арттырудың өзге де мәселелері
25. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган Академияда даярлауды, қайта даярлауды және біліктілікті арттыруды өткізуге арналған шығыстарды Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес жоспарлайды.
26. Жергілікті атқарушы органдар қайта даярлауды және біліктілікті арттыруды өткізуге арналған шығыстарды Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес жоспарлайды.
27. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға арналған шығыстарды Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жоспарлайды.
Біліктілікті арттыру, шетелдік және халықаралық білім беру ұйымдарында біліктілікті арттыруды қоспағанда, мемлекеттік органдардың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Бірыңғай персоналды басқару қызметі (кадр қызметi) құрылған жағдайда, ол құрылымына кіретін мемлекеттік орган қайта даярлау және біліктілікті арттыру бойынша бюджеттік бағдарламаның әкімшісі болып табылады.
28. Мемлекеттік орган мемлекеттік қызметшіні мемлекеттік тапсырыс шеңберінде жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуға жіберген жағдайда, оған жалақысы сақталмайтын демалыс беріледі және оның жұмыс орны (лауазымы) сақталады.
Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік қызметші жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуды аяқтағаннан кейін кемінде үш жыл мемлекеттік қызметте еңбек қызметін жүзеге асырады, бұл ретте ол оқуды аяқтағаннан кейін кемінде бір жыл өзін оқуға тікелей жіберген мемлекеттік органда еңбек қызметін жүзеге асырады.
29. Оқу мерзімі тиісті жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларында белгіленеді.
30. Егер мемлекеттік қызметші біліктілігін арттыруды өндірістен қол үзе отырып өтсе, онда осы кезеңге оның жалақысы сақталады.
31. Тестілеу рәсімдерін және «е-қызмет» интеграцияланған ақпараттық жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуін техникалық қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтер «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабы 3-тармағының 27) тармақшасына сәйкес «Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығы» акционерлік қоғамынан сатып алынады.
Қағидалар 31-тармақпен толықтырылды ҚР Президентінің 13.07.2016 жылғы № 298 Жарлығына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
Полная версия