Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 03.05.2020
Тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 367 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 24 желтоқсанда № 12500 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 3 мамырдан бастап ҚР Мәдениет және спорт министрінің 20.04.2020 жылғы № 98 Бұйрығына сәйкес  
Редакция 23.10.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі Заңының 19-бабының 14-9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 
1. Қоса беріліп отырған Тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізу қағидалары бекітілсін. 
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте: 
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін электрондық тасымалдағышта елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данасын қоса бере отырып, Қазақстан Республикасы нормативті құқықтық актілерінің эталонды бақылау банкіне енгізу үшін елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данасын қоса бере отырып осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық түрдегі осы бұйрықтың көшірмелерін жолдауды; 
3) осы бұйрықты ресми жариялануынан кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; 
4) осы бұйрықтың ресми жариялануынан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларымен қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәлімет беруді қамтамасыз етсін. 
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлы
Қазақстан Республикасы
 Мәдениет және спорт
 министрінің
 2015 жылғы 30 қарашадағы
 № 367 бұйрығымен
 бекітілді
Тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жүмыстарын жүргізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 13.09.2018 жылғы  № 256 Бұйрығына сәйкес (31.05.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1. Тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жүмыстарын жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізу тәртібін анықтайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады: 
1) тарих және мәдениет ескерткіштері - тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген, халықтың өткен тарихымен, қоғам мен мемлекеттің дамуымен байланысты, адам жасаған немесе адам мен табиғаттың бірлескен туындысы болып табылатын жекелеген кесендер, ғимараттар, құрылыстар мен ансамбльдер, тарихи-мәдени ландшафттар және басқа да көрікті жерлер; 
2) тарих және мәдениет ескерткіштерінде жүргізілетін ғылыми-реставрациялау жұмыстары - тарих және мәдениет ескерткіштеріне жүргізілетін археологиялық жұмыстарды қоспағанда, өндірістік, ғылыми-зерттеу және жобалау жұмыстарының барлық түрлері. 
3) тарих және мәдениет ескерткіштеріне дайындалатын ғылыми - жобалау құжаттамалары - тарих және мәдениет ескерткіштеріне жүргізілетін ғылыми - зерттеу құжаттамалары, реставрациялау жобасы, жобалау-сметалық құжаттамалары, ғылыми-реставрациялық есеп құжаттарының кешені. 
4) тікелей зерттеу - тарих және мәдениет ескерткіштерінің конструкцияларындағы құрылыс және технологиялық әдістері қолданылған алғашқы элементтер мен материалдарды немесе олардың қалдықтары мен іздерін ашу арқылы зерттеу және тарих және мәдениет ескерткіштерінің техникалық жағдайын зерттеу; 
5) тапсырыс беруші - тарих және мәдениет ескерткіштерінде жүргізілетін ғылыми-реставрациялау жүмыстарын ұйымдастыратын және қаржыландыратын жеке және заңды тұлға;
6) мердігер - тиісті қызмет түріне лицензиясы бар, тарих және мәдениет ескерткіштерінде мердігерлік жүмыстарын жүргізетін жеке және заңды тұлға.
2-тарау. Тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми – реставрациялау жұмыстарының жүргізілу тәртібі
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 13.09.2018 жылғы  № 256 Бұйрығына сәйкес (31.05.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
3. Тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын (бұдан әрі - ғылыми-реставрациялау жүмыстары) жүргізу үшін ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуге арналған ғылыми-жобалау құжаттамасы дайындалады (бұдан әрі - ғылыми-жобалау құжаттама). 
4. Ғылыми-жобалау құжаттама есепке алу және басқа құжаттардың негізінде ғылыми-жобалау құжаттаманың құрамы мен мазмұнын айқындайтын тапсырмаға сәйкес дайындалады (бұдан әрі - тапсырма). 
5. Тапсырманы тапсырыс беруші дайындайды және келісім арқылы мердігерге ғылыми-жобалау құжаттаманы дайындау үшін береді. 
6. Мердігер ғылыми-жобалау құжаттамасын дайындау процесінде: 
1) реставрациялау жұмыстары жүргізілетін тарих және мәдениет ескерткішіне қатысты тарихи - мұрағаттық пен библиографиялық зерттеулерді, тікелей зерттеуді, арнайы инженерлік-технологиялық зерттеулерді, құрылыс пен өңдеу материалдарының технологиясын зерделеуді қамтитын кешенді ғылыми зерттеулер жүргізеді; 
2) тарих және мәдениет ескерткіштерінде орындалатын ғылыми-реставрациялау жұмыстарының жұмыс сызбаларынан және реставрациялық құрылыс бұйымдарын әзірлеу және жеке конструкцияларды әзірлеуге арналған сметалардан, материалдардың қажеттілігін есептейтін ведомостер мен жиынтық ведоместерден құралатын жобалау - сметалық құжаттамаларын дайындайды. 
7. Ғылыми-жобалау құжаттаманы тапсырыс беруші бекітеді, халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуді - уәкілетті органмен, жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органымен келісіледі және келесі бір немесе бірнеше жұмыстарды жүргізу мердігерге тапсырады:
7-тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 13.09.2018 жылғы  № 256 Бұйрығына сәйкес (31.05.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) консервациялау - тарих және мәдениет ескерткішін одан әрі бұзылудан сақтайтын және ескерткіштің тарихи қалыптасқан келбетін өзгертпей оның конструкциялық бөліктері мен сәндік элементтерін бекітуді және қорғауды қамтамасыз ететін іс-шаралар кешені. Ескерткіштің бүтін сақталуын қамтамасыз ететін іс-шаралардан тұратын аварияға қарсы жұмыстар да консервациялауға жатады;
2) реставрациялау - тарих және мәдениет ескерткішін құндылығы жоқ және ескерткіштің келбетін бұзатын қабаттардан тазарту жолымен оның тарихи, сәулеттік-көркемдік келбетінің сақталуы мен ашылуын, ғылыми негізделген деректер арқылы ғимараттың, ансамбльдің, кешеннің жоғалған элементтерінің орнын толтыруды қамтамасыз ететін іс-шаралар кешені; 
3) қайтадан жасау - жеткілікті ғылыми деректері мен тарих және мәдениет ескерткішінің айрықша тарихи, ғылыми, көркемдік немесе өзге де мәдени маңызы болған кезде жоғалған тарих және мәдениет ескерткішін қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралар кешені;
4) жөндеу - тарих және мәдениет ескерткішінің техникалық жай-күйін оның келбетін өзгертпей, кезеңдік жұмыстар жүргізу жолымен күтіп-ұстау жөніндегі іс-шаралар кешені; 
5) бейімдеу - тарих және мәдениет ескерткішінің тарихи, көркемдік құндылығына және сақталуына нұқсан келтірмей, оның қазіргі заманға сай пайдаланылуы үшін жағдай жасау мақсатында жүргізілетін іс-шаралар кешені жатады. 
8. Ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізу үшін тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын бекітілген ғылыми-жобалау құжаттама, келісімшарт негізінде мердігер жүргізеді.
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің 31.05.2016 жылғы № 149 Бұйрығына сәйкес (30.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.07.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Мердігер халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуді тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану бойынша уәкілетті органмен келіседі.
Мердігер облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізудің басталғаны туралы хабарлама жібереді.
9. Ғылыми-реставрациялау жұмыстарын «Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 29 бұйрығымен бекітілген және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 10644 болып тіркелген, тарих және мәдениет ескерткіштеріне ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру қызметі лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін мердігердің ғылыми жетекшісі басқарады. 
10. Аяқталған ғылыми-реставрациялау жұмыстарын қабылдау тапсырыс беруші тағайындаған комиссия арқылы жүзеге асады. 
11. Комиссия құрамына тапсырыс берушінің өкілдері, ғылыми-жобалау құжаттамаларын дайындаған авторлар, ғалымдар, тарихи-мәдени мұра саласындағы мамандар, шығармашылық одақтардың және басқа да қоғамдық бірлестіктердің өкілдері кіреді.
12. Комиссия төраға, төрағаның орынбасары, мүшелері және хатшыдан құралады.
Комиссия төрағасы қызметке басшылық етеді, комиссия отырыстарын өткізеді, комиссия жүзеге асыратын қызмет үшін жауап береді. Төраға болмаған уақытта оның міндетін төрағаның орынбасары орындайды.
Комиссия мүшелерінің отырыстарға қатысу жөніндегі өздерінің өкілеттіктерін басқа тұлғаға беруге құқығы жоқ. Комиссия хатшысы комиссияның қызметін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіреді, комиссия отырысының хаттамаларын дайындайды. Хатшы Комиссияның мүшесі болып табылмайды.
13. Комиссияның шешімі оның отырысына қатысқан Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады. 
14. Тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстары аяқталғаннан кейін мердігер: 
1) тарих және мәдениет ескерткішінің реставрациялауға дейінгі, жүргізілу кезіндегі және аяқталу кезеңіндегі жағдайы белгіленген картограмманың сызбасы қосымшада берілген ғылыми-реставрациялық есебін; 
2) атқарылған жұмыстар жөнінде акті дайындайды.
15. Ғылыми-реставрациялау жұмыстар тапсырыс беруші мен мердігердің атқарылған жұмыстар жөнінде актіге қол қойылғаннан кейін аяқталды деп саналады.
Полная версия
ИС BestProfi