Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 01.07.2022
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1119 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2022 жылғы 1 шілдеден бастап ҚР Үкіметінің 02.06.2022 жылғы № 355 Қаулысына сәйкес
Редакция 14.03.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1119 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Кейбiр нұсқаулықтарды бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде, орталық және жергілікті атқарушы органдарда құжаттардың орындалуын бақылауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықта:
мынадай мазмұндағы 7-2-тармақпен толықтырылсын:
«7.2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, оның орынбасарларының, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының (оның міндеттерін атқарушы адамның) «назарға алынды» деген белгісі бар жоспарлы есептік ақпарат бойынша тапсырмалары бақылауға алынуға жатпайды.».
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 06.10.2016 жылғы № 568 Қаулысымен (29.12.2015 ж. редакцияны қараңыз)
3. Тармақ күшін жойды (ескретуді қараңыз)
3-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 14.03.2019 жылғы № 108 Қаулысына сәйкес (06.10.2016 ж. редакцияны қараңыз)
Полная версия