«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 15-1-бабының 2-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 13.06.2020
Өз қызметін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты, оның ішінде концессия шарты бойынша жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру және бекіту қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 743 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 желтоқсанда № 12526 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 13 маусымнан бастап ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.05.2020 жылғы № 42 Бұйрығына сәйкес
1. Қоса беріліп отырған Өз қызметін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты, оның ішінде концессия шарты бойынша жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру және бекіту қағидалары бекітілсін.
2. «Өз қызметін концессия шарттары бойынша жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру және бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 177 бұйрығының (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде бекітілген № 10561, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 13 сәуірде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Е.Досаев
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі ______________ Ә. Исекешев 201__ жылғы « __» ____________
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі _____________ Б. Сұлтанов 201__ жылғы « __» ____________
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 743 бұйрығымен бекітілген
Өз қызметін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты, оның ішінде концессия шарты бойынша жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру және бекіту қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Өз қызметін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты, оның ішінде концессия шарты бойынша жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру және бекіту қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Заң) 15-1-бабы 2-1-тармағына, «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 қазандағы және «Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, өз қызметін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты, оның ішінде концессия шарты бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының шеңберінде жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру және бекіту тәртібін айқындау, сондай-ақ инвестицияланған капиталын қайтаруын қамтамасыз ету мақсатында (бұдан әрі – мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектісі, оның ішінде концессия субъектісі) әзірленді.
2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) инвестицияланған капитал – мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектісін, оның ішінде концессия субъектісін құру немесе реконструкциялау үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектісінің, оның ішінде концессия субъектісінің өз қаражаттары мен қарыз капиталының сомасы;
2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектісі, оның ішінде концессия субъектісі ұсынатын қызметтер (тауарлар, жұмыстар) – белгілі бір тауарды тұтынушыға беру түрінде көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну жағдайларын қоса алғанда, табиғи монополия саласындағы және уәкілетті орган ведомствосы мемлекеттік реттеуге жататын мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектісінің, оның ішінде концессия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар);
Полная версия