Близость слов: Окончание:





Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 733 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 желтоқсанда № 12702 болып тіркелді
Редакция 30.05.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 23-24) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 01.04.2020 жылғы № 175 Бұйрығына сәйкес (10.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 29.04.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Е. Досаев
«Келісілген» 
Қазақстан Республикасының 
Инвестициялар және даму министрі 
  ________________ Ә. Исекешев 
2015 жылғы 10 желтоқсан
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 26 қарашадағы
№ 733 бұйрығымен
бекітілген
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі қағидалары
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.12.2018 жылғы № 953 Бұйрығымен (16.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 20.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 10.07.2019 жылғы № 499 Бұйрығымен (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 01.04.2020 жылғы № 175 Бұйрығымен (10.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 29.04.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 23-24)-тармақшасына және және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1)-тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Қағидалар сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу рәсімін регламенттейді және «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің көрсету тәртібін айқындайды.
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
1) аккредиттеу – уәкілетті органның сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымның құзыретін ресми тану рәсімі;
2) аккредиттеу туралы куәлік – сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдардың мәртебесін куәландыратын куәлік;
3) өтініш беруші – сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйым ретінде аккредиттеуге үміткер заңды тұлға;
4) уәкілетті орган – облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары.
2-тарау. Қағидалар және біліктілік талаптары
4. «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті осы Қағидаларға сәйкес облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
5. Заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін www.egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетілетін қызметті берушіге электрондық - цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі-ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы құжаттармен өтінішті жолдайды.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты) нысанында баяндалған.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағымен анықталған.
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттардың мәліметтері көрсетілетін қызметті берушіге «электрондық үкімет» шлюзі арқылы ақпараттық жүйелерден ұсынылады.
Көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.
Көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін іс-әрекеттер, орындалу ұзақтығы:
1) осы Қағидалардың 6-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттармен өтінішті автоматты тіркеу;
2) куәлікті электрондық нысанда беру, қайта ресімдеу көрсетілетін қызметті берушінің қатысуынсыз ақпараттық жүйемен (компьютермен) жүзеге асырылады – 20-40 (жиырма - қырық) минут ішінде.
8. Аккредиттеу туралы куәлік заңды тұлғаның атауы және (немесе) орналасқан жері өзгерген жағдайларда қайта ресімделеді.
9. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
10. Аккредиттеуден өткен сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы Жобаларды басқару жөніндегі ұйымдар осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы Жобаларды басқару жөніндегі аккредиттелген ұйымдардың тізіліміне енгізіледі, онда заңды тұлғаның деректемелері туралы ақпарат жиынтығы, аккредиттеу туралы куәліктің берілген күні мен нөмірі, штатында мамандардың болуы туралы, сондай-ақ осы заңды тұлғаға қатысты қабылданған Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауапкершілік шаралары туралы мәліметтер
11. Аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуын тоқтата тұру, қайта бастау, одан айыру (қайтарып алу) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 45-бабында көзделген тәртіппен және (немесе) негіздер бойынша жүзеге асырылады.
12. Қолданыстағы аккредиттеу туралы куәлік болмаса, ұйымның қызметін жүзеге асыруына жол берілмейді.
13. Осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген аккредиттелген ұйымдардың тізіліміне осы Қағидаларға 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша аккредиттелген ұйымдардың өтініші негізінде өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.
Бұл ретте енгізілген кез келген өзгерістер мен толықтырулар осы Қағидаларға 3-қосымшасында көзделген рұқсат беру талаптарын бұзуға әкеп соқпайды.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
14. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шағымды шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті берушіге, лауазымды адамға береді.
14-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 24.03.2022 жылғы № 150 Бұйрығына сәйкес (01.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 30.05.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам егер 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім қабылдаса не әрекет жасаса, ол шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.
Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.
15. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
15-тармақ алынып тасталды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 24.03.2022 жылғы № 150 Бұйрығымен (01.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 30.05.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
16. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
16-тармақ алынып тасталды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 24.03.2022 жылғы № 150 Бұйрығымен (01.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 30.05.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Сәулет, қала құрылысы
және құрылыс саласындағы
жобаларды басқару жөніндегі
ұйымдарды аккредиттеу
жөніндегі қағидаларына
1-қосымша

«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын)

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары

2

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

«Электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Заңды тұлғаның атауы және (немесе) орналасқан жері өзгерген кезде, заңды тұлға қайта ұйымдастырылған кезде куәлікті беру – қайта ресімдеу-20-40 минут

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аккредиттеу туралы куәлікті беру не қайта ресімдеу.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін негізде көрсетіледі

7

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін;

2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде, өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беруді келесі жұмыс күнінде жүзеге асырады).

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі осы Қағидаларға

1) куәлікті алған кезде порталға:

осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша өтініш;

осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы Жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарға қойылатын рұқсат беру талаптарына сәйкес мәліметтер;

2) аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу кезінде порталға:

осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

заңды тұлғаны бөліп шығару нысанында қайта ұйымдастыру кезінде бөлініп шыққан заңды тұлғаның куәлігін қайта ресімдеуге келісімі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделген шешімнің электрондық көшірмесі.

9

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер

Жоқ

10

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Министрліктің: www.kds.miid.gov.kz, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурстарында орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: (1414).

Сәулет, қала құрылысы және
құрылыс саласындағы
жобаларды басқару жөніндегі
ұйымдарды аккредиттеу
жөніндегі қағидаларына
2-қосымша
 _________________________________________________________ -ге (уәкілетті органның толық атауы) ____________________________________________________________-ден (заңды тұлғаның толық атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірінің деректемелері)
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйым ретінде аккредиттеуді өтінемін
Мекенжай___________________________________________________________ 
(индекс, қала, аудан, облыс, көше, үй нөмірі, телефон, факс, е-mail) 
Филиалдар (өкілдік, объекті, пункті, учаске) 
______________________________ ____________________________________________________________________ 
(орналасқан жері және деректемелері)
барлық көрсетілген деректердің ресми байланыстар болып табылатыны және оларға куәлік беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез-келген ақпарат жіберілетіні;
өтініш берушіге қызметтің аталған түрімен айналысуға сот тыйым салмағаны;
барлық қоса берілген құжаттардың шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатыны;
өтініш беруші аккредиттеу туралы куәлікті беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін бергендігі расталады.
Басшы _____________ _______________________________________ 
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) 
Толтырылған күні: 20__ жылғы «__» __________
Сәулет, қала құрылысы және
құрылыс саласындағы
жобаларды басқару жөніндегі
ұйымдарды аккредиттеу
жөніндегі қағидаларына
3-қосымша
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобалармен басқару бойынша ұйымдарға қойылатын рұқсат етілетін талаптар

р

Рұқсат етілген талаптар

Рұқсат етілген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар

Ескерту

1

2

3

4

1

Келесі мамандықтар бойынша бірінші деңгейдегі жауапкершілікті объектілер бойынша техникалық тексерісті жүзеге асыру бойынша ұштен кем емес аттестатталған сарапшылардың бар болуы:

Тіреу және қоршау конструкциялар бөлімінде (бір сарапшыдан кем емес);

Инженерлік желі бөлімінде (бір сарапшыдан кем емес);

Технологиялық жабдықтар бөлімінде (бір сарапшыдан кем емес)

Осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны


 

2

«Жобаның басты инженері» және/немесе «Басты инженер» мамандығы бойынша аттестатталған инженер-техник жұмыскердің бірден кем емес болуы

Осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны


 

3

Квалификацияланған инженер-сметшінің бірден кем емес болуы

Осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны


 

4

Жеке мүліктік немесе басқа да заңдық негізде құқығы бар әкімшілік-тұрмыстық ғимараттың бар болуы

Осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны


 

5

Материалды-техникалық жабдықтардың бар болуы, жеке алғанда есептер жүргізуді, графикалық және басқа да материалдарды толықтыру және құрастыруды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін орнатылған бағдарламалық қамтамасыз етуі бар жұмыс станциясының бар болуы

Осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны


 

Сәулет, қала құрылысы және
құрылыс саласындағы
жобаларды басқару жөніндегі
ұйымдарды аккредиттеу
жөніндегі қағидаларына
4-қосымша
1) Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) _______________________________ 
2) Лауазымы _________________________________________________________ 
3) Осы ұйымда жұмыс жасайды _________________________________________ (тұрақты немесе уақытша көрсету) 
4) Жұмыс өтілі ______________________________________________________ (мамандық бойынша және атқаратын лауазымында көрсету) 
5) Оқу орнының атауы ________________________________________________ 
6) Бітірген жылы _____________________________________________________ 
7) Диплом бойынша біліктілігі _____________________________________ 
8) Диплом бойынша мамандығы ______________________________________ 
9) Сарапшының аттестаты ___________________________________________ (берілген күні мен нөмірін көрсету)
Әкімшілік-тұрмыстық жайлар туралы мәліметтер
10) Мекенжайы: _____________________________________________________ 
____________________________________________________________________ 
11)Алаңы___________________________________________________________ 
12) жеке мүлік немесе басқа заң негізінде құқығы барын растайтын құжат атауы және деректемелер
____________________________________________________
Материалдық-техникалық жабдықтар туралы мәліметтер
13) Атауы:___________________________________________________________ 
____________________________________________________________________ 
14) Өлшем бірлігі _____________________________________________________ 
15) Саны ____________________________________________________________ 
____________________________________________________________________ 
16) Пайдалану мерзімі_________________________________________________ 
17) Ескертпе________________________________________________________ 
____________________________________________________________________ 
____________________________________________________________________
Сәулет, қала құрылысы және
құрылыс саласындағы
жобаларды басқару жөніндегі
ұйымдарды аккредиттеу
жөніндегі қағидаларына
5-қосымша
Аккредиттеу туралы осы куәлік__________________________________ 
____________________________________________________________________ 
(заңды тұлғаның атауы) 
____________________________________________________________ берілді, 
(заңды мекенжайы) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару құқығына
АККРЕДИТТЕЛДІ және уәкілетті органның тізіліміне енгізілді.
Куәліктің қолданылу мерзімі _________________________________ дейін
Уәкілетті орган______________________________ __________ қаласы 
20__ж. «____» ___________
Сәулет, қала құрылысы және
құрылыс саласындағы
жобаларды басқару жөніндегі
ұйымдарды аккредиттеу
жөніндегі қағидаларына
6-қосымша
Өтініш куәлікті қайта ресімдеу үшін заңды тұлғаның
_____________________________________________________________ 
(уәкілетті органның толық атауы)) 
_____________________________________________________________ 
(заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі), 
заңды тұлғада бизнес- сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің 
бизнес-сәйкестендіру нөмірі) №__________ бастап «___» _________ 20___ _______________________________________________________________ 
(қызмет түрінің және (немесе) кіші түрінің толық атауы) жүзеге асыруға берілген куәлікті келесі негіздеме бойынша 
(тиісті ұяшықта Х көрсетіңіз) қайта ресімдеуді сұраймын:
1) заңды тұлға атауының өзгеруі ___________
2) заңды тұлғаның орналасқан жерін өзгерту ________
Заңды тұлғаның мекен-жайы_________________________________________ (шетелдік заңды тұлға үшін – ел, пошталық индексі, ОБЛЫСЫ, 
қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі)
Электрондық пошта _____________________________________________
Телефондар ___________________________________________________
Банктік шот _________________________________________________ 
(шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)
барлық көрсетілген деректер ресми байланыстар болып табылады және оларға аккредиттеу туралы куәлікті 
қайта ресімдеу мәселелері бойынша кез келген ақпарат жіберілуі мүмкін;
өтініш берушіге қызметтің осы түрімен айналысуға сотпен тыйым салынбаған;
барлық қоса берілген құжаттар шындыққа сәйкес келеді және жарамды болып табылады;
өтініш беруші аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, 
заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келіседі.
Басшы __________ ________________________________________ 
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) 
Толтыру күні: «__» __________ 20__ жыл
Полная версия
ИС BestProfi