Близость слов: Окончание:





"Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы" 2014 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 тамыздағы № 959 қаулысына өзгерістер енгізу және "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының еншілес және тәуелді ұйымдары акцияларының пакеттерін бағалы қағаздар нарығына шығару бағдарламасы ("Халықтық IPO") шеңберіндегі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарын, Қазақстан Республикасының ұлттық басқарушы холдингтерінің, ұлттық компанияларының, ұлттық даму институттарының, Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерінiң облигацияларын және қазақстандық қор биржасында орналастырылатын өзге де бағалы қағаздарды алғашқы орналастыру шеңберіндегі акцияларды қоса алғанда, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының тобы ұйымдарының жекешелендіру объектілерін, активтерін сатып алу арқылы Қазақстан Республикасының экономикасына инвестициялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 тамыздағы № 953 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1179 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» 2014 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 тамыздағы № 959 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 54, 537-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
«Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» 2014 жылғы 
30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 3) тармақшасына, 7-бабының 6-тармағына және 12-бабына сәйкес» Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ»; 
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссия туралы ережеде:
«1. Осы Мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссия туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» 2014 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 7-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және Мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – комиссия) өкілеттіктерін, қызметін ұйымдастыруды белгілейді.»;
3) көрсетілген қаулымен бекітілген Мүлікті (ақшадан басқа) жария етуді өткізуді ұйымдастыру қағидалары осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
4) көрсетілген қаулымен бекітілген Жария етілген мүліктің тізілімін жүргізу қағидалары осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының еншілес және тәуелді ұйымдары акцияларының пакеттерін бағалы қағаздар нарығына шығару бағдарламасы («Халықтық IPO») шеңберіндегі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарын, Қазақстан Республикасының ұлттық басқарушы холдингтерінің, ұлттық компанияларының, ұлттық даму институттарының, Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерінiң облигацияларын және қазақстандық қор биржасында орналастырылатын өзге де бағалы қағаздарды алғашқы орналастыру шеңберіндегі акцияларды қоса алғанда, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының тобы ұйымдарының жекешелендіру объектілерін, активтерін сатып алу арқылы Қазақстан Республикасының экономикасына инвестициялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 тамыздағы № 953 қаулысының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 54, 536-құжат).
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2015 жылғы 31 желтоқсандағы
 № 1179 қаулысына
 1-қосымша
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2014 жылғы 29 тамыздағы
 № 959 қаулысымен
 бекітілген
Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлікті жария етудің жүргізілуін ұйымдастыру қағидалары
1. Осы Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлікті жария етудің жүргізілуін ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» 2014 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 7-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлікті жария етудің жүргізілу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Полная версия
ИС BestProfi