Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 16.08.2019
Электрондық сауда алаңдарының жұмыс істеуін қоса алғанда, электрондық сауданы жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы № 720 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 желтоқсанда № 12689 болып тіркелді
Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 03.08.2018 жылғы № 7 Бұйрығына сәйкес (25.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.09.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Бұйрық күшін жойды 2019 жылғы 16 тамыздан бастап ҚР Сауда және интеграция министрінің 19.07.2019 жылғы № 5/1 Бұйрығына сәйкес
Редакция 25.09.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңы 29-бабының 3-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Электрондық сауда алаңдарының жұмыс істеуін қоса алғанда, электрондық сауданы жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 03.08.2018 жылғы № 7 Бұйрығына сәйкес (25.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.09.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Сауда қызметін реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы М. Құсайынов
Қазақстан Республикасының
 Ұлттық экономика министрінің
 міндетін атқарушысының
 2015 жылғы 25 қарашадағы
 № 720 бұйрымен бектілген
Электрондық сауда алаңдарының жұмыс істеуін қоса алғанда, электрондық сауданы жүзеге асыру қағидалары
Қағидалардың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 03.08.2018 жылғы № 7 Бұйрығына сәйкес (25.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.09.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 03.08.2018 жылғы № 7 Бұйрығына сәйкес (25.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.09.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1. Осы Электрондық сауда алаңдарының жұмыс істеуін қоса алғанда, электрондық сауданы жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және  электрондық сауда алаңдарының жұмыс істеуін қоса алғанда, электрондық сауданы жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 03.08.2018 жылғы № 7 Бұйрығына сәйкес (25.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.09.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2. Осы Қағидаларының қолданысы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуға, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің, оның құрамына кіретін ведомстволары, ұйымдары және заңды тұлғаларымен, елу және одан көбірек дауыс құқығын беретін акцияларды (жарғылық капиталдағы қатысу үлесі) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің немесе оның мүлігін басқаруындағы және олардың аффилирленген заңды тұлғаларымен сатып алынатын тауарларға, жұмыстар мен қызметтерге қолданылмайды.
3. Осы Қағидада пайдаланылатын ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады. 
4. Электрондық саудаға қатысушылардың құқығы мен заңды мүдделерін қорғау Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
2-тарау. Электрондық саудаға қатысушылар»
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 03.08.2018 жылғы № 7 Бұйрығына сәйкес (25.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.09.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
5. Электрондық саудаға:
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 03.08.2018 жылғы № 7 Бұйрығына сәйкес (25.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.09.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
электрондық саудаға сатып алушы, сатушы және (немесе) делдал ретінде қатысатын жеке және заңды тұлғалар (электрондық саудаға қатысушылар);
ақпараттық жүйелер мен телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып, сату және сатып алу ұсыныстарымен электрондық құжаттарды (электрондық хабарламаларды) алу, орналастыру, беру, сақтау бойынша қызмет көрсететін және электрондық сауданы жүзеге асыру үшін электрондық сауда алаңдарымен қамтамасыз ететін заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер (бұдан әрі – делдал);
тиісті тауарларды әлеуетті сатып алушылар болып табылатын заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер және жеке тұлғалар (бұдан әрі – сатып алушы):
белгілі бір тауарларды өткізуге ұсынатын адамдар (бұдан әрі – сатушы);
заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер (бұдан әрі – коммерциялық сатушы);
кәсіпкерлік қызмет мақсатын көздемей, біржолғы тәртіппен тауарларды өткізуге ұсынатын жеке тұлғалар (бұдан әрі – коммерциялық емес сатушы) қатысады.
6. Коммерциялық сатушы және (немесе) делдал сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органға, мемлекет алдындағы салық міндеттемелерінің орындалуына салық бақылауын қамтамасыз ететін мемлекеттік органға және құқық қорғау органдарына өзі туралы электронды нысанда қазақ және/немесе орыс тілдерінде, ал қажетті жағдайда басқа тілдерде шынайы ақпаратқа тиісті қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Бұл ақпарат мынадай мәліметтерді қамтиды: 
жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (бар болған кезде), заңды тұлғаның оның ұйымдық-құқықтық нысаны көрсетіле отырып, толық атауы; 
заңды тұлғаның тұрғылықты жері және мемлекеттік тіркелгені туралы мәлімет немесе жеке кәсіпкердің тіркелгені; 
лицензиясының болуы (заңнама талаптарына сәйкестігі кезінде), лицензия нөмірі, лицензияның қолданылу мерзімі, лицензияны берген мемлекеттік органның атауы туралы мәлімет, заңды тұлғалар үшін бизнес идентификационалық нөмірі, жеке кәсіпкерлер үшін жеке идентификационалық нөмірі, почталық және электрондық мекен-жайы, сондай-ақ телефон нөмірі.
7. Электрондық саудада делдал ақпараттық жүйеде қамтылған электрондық ақпараттық ресурстарындағы ақпараттық ресурстардағы орналасқан ақпараттың тұтастығын және құпиялығын қамтамасыз етеді.
8. Электрондық саудадағы делдал «Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 29-1-бабының  3 және 4-тармақтарына сәйкес:
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 03.08.2018 жылғы № 7 Бұйрығына сәйкес (25.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.09.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) электрондық құжаттарда немесе электрондық хабарламаларда қамтылған ақпаратты, оның ішінде коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етпейді;
2) егер электрондық сауданың басқа қатысушыларымен өзі жасасқан шартта немесе Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, электрондық құжаттарды (электрондық хабарламаларды) немесе олардың көшірмелерін, оның ішінде оларда қамтылған ақпаратты үшінші тұлғаларға бермейді;
3) егер электрондық сауданың басқа қатысушыларымен өзі жасасқан шартта немесе Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, электрондық құжаттардың (электрондық хабарламалардың) мазмұнын не оларды пайдалану тәртібін өзгертпейді;
4) ақпараттық ресурстарда қамтылған ақпараттың, оның ішінде коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтердің тұтастығы мен құпиялылығын қамтамасыз етеді;
5) егер сатушы электрондық сауда алаңында жасалған мәмілелер бойынша сатып алушы өз міндеттемелерін орындауы үшін жағдай жасалатынын айқындаса, осындай жағдайларды қамтамасыз етеді;
6) сатушының талабы бойынша өзінің интернет-ресурсында электрондық сауда алаңында жүргізілген сауда-саттық қорытындылары жөніндегі ақпаратты орналастырады.
8-1. Электрондық сауда алаңдары:
2-тарау 8-1-тармақпен толықтырылды ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 03.08.2018 жылғы № 7 Бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.09.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) электрондық сауда алаңында жұмыс істейтін электрондық саудаға қатысушылармен танысуға;
2) қызықтыратын тауарларды сатып алушылар мен сатушыларды іздеуді, сондай-ақ электрондық саудаға қатысушылар электрондық сауда алаңына орналастыратын тауарларға қажеттіліктер мен ұсыныстар туралы ақпарат алуды жүзеге асыруға;
3) сәйкестендіру құралдарын пайдалану арқылы қауіпсіз электрондық құжат айналымын электрондық сауда қатысушылары арасында жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
9. Коммерциялық сатушы электрондық сауданы жүзеге асыру кезінде электрондық ақпараттық ресурстарды, оның ішінде электрондық саудадағы делдал арқылы сақтауды ұйымдастырады.
10. Коммерциялық сатушы делдалмен сатуға ұсыныстары бар электрондық құжаттарды (электрондық хабарламаларды) орналастыру құқығына, сондай-ақ сатушыны мамандануы бойынша сатып алуға келіп түскен сұрау салулардың ішінен іздеу қызметіне жазбаша нысандағы келісімшарт жасайды. Делдалдың қызметіне сатушымен төлем тараптар арасындағы келісім бойынша шартта белгіленген мөлшерде және мерзімде жүргізіледі. 
11. Ақпараттық жүйеде қамтылған электрондық ақпараттық ресурстарға қол жеткізгені үшін сатып алушылармен төлем жүргізілмейді.
3-тарау. Электрондық сауданы жүзеге асыру тәртібі
3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 03.08.2018 жылғы № 7 Бұйрығына сәйкес (25.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.09.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
12. Нотариалдық куәландыруды немесе мемлекеттік тіркеуді талап етпейтін шарттар түпнұсқалығы Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес куәландырылған электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжаттармен немесе электрондық хабарламалармен (офертаны, акцепті, офертаны алуды растау) алмасу жолымен жасалады.
13. Электрондық саудада жасалған шартта оның жекелеген шарттары (олардың бар болған жағдайында) шартқа тиісті ақпараттық жүйеге орналастырылған электрондық құжатқа сілтеме арқылы енгізіле алатыны көзделуі мүмкін. Бұл жағдайда электрондық құжатты орналастырған тарап шарттың әрекет етуі мерзімі ішінде оған кедергісіз қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз етеді, ал осы мерзім аяқталған соң осындай құжаттың Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен сақталуын қамтамасыз етеді. 
14. Электрондық саудадағы шарт офертада белгіленген мерзімде акцепті алу сәтінен бастап жасалды деп саналады. Оферта және акцепт Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шарттың елеулі талаптарынан тұрады.
15. Офертада көрсетілген шарттың талаптары офертаны алушыға оларды сақтауға және молайтуға мүмкіндік беретін нысанда ұсынылады. 
Сатушы Қазақстан Республикасының «Сауда қызметін реттеу туралы » 2004 жылғы 12 сәуірдегі және «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы » 2010 жылғы 4 мамырдағы Заңдарына сәйкес тауарлар туралы шынайы ақпарат ұсынады.
16. Электрондық сауданы жүзеге асыру кезінде офертаны өз атынан электрондық нысанда жіберетін коммерциялық сатушы: 
1) офертаға шарттың маңызды талаптарын енгізуге немесе оларды айқындау тәртібін көрсетуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген өзге де талаптарды енгізеді;
2) шартты жасасу тәртібі туралы потенциалдық сатып алушыларға ақпаратты ұсынады;
3) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексінде айқындалған тәртіппен шот-фактураны электрондық формада жазып беруге, сондай-ақ «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы Заңына сәйкес бастапқы eceпкe алу құжаттарының көшірмелерін потенциалдық сатып алушыларға береді;
4) ЕАЭО аумақтық тауарларда әкелімде ЕАЭО және Қазақстан Республикасының кеден заңдар орындалуына қамтамасыз етіп жатыр;
5) қазыналық жад және POS–терминалы бар бақылаушы - кассалық машинаны қолдану тәртібін сақтауды қамтамасыз етеді.
16-1. Офертаны өз атынан электрондық нысанда жіберетін сатушы электрондық сауданы жүзеге асыру кезінде қажет болған жағдайда:
3-тарау 16-1-тармақпен толықтырылды ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 03.08.2018 жылғы № 7 Бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.09.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) электрондық сауда алаңында жасалған мәмілелер бойынша сатып алушылардың өз міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету шарттарын айқындауға;
2) делдалдан электрондық сауда алаңында жүргізілген мәмілелер қорытындысы жөніндегі ақпаратты орналастыруды талап етуге құқылы.
17. Сатушыдан шыққан оферталар немесе оферта жасауға шақырулар, сондай-ақ олар ұсынатын тауарлар туралы өзге мәліметтер арнайы білімі жоқ адресатқа алынған мәліметтерді электрондық саудаға қатысты екенін бір жақты анықтауға және шартты жасасу кезінде сатушының құқықтық жағдайы, олар ұсынатын тауарлар, олардың бағалары және оларды сатып алу шарттары туралы шынайы ақпарат жасауға мүмкіндік беретін нысанда ұсынылады.
18. Осы қағидалардың 8-тармағы 3) тармақшасымен көзделген талаптарды орындаған кезде делдалдар олар қызмет көрсеткен электрондық құжаттар (электрондық хабарламалар) пайдаланылып жасалған шарттар бойынша жауапкершілік жүктемейді. 
19. Егер тараптардың келісімімен өзгеше көзделмесе, электрондық хабарлама (офертаны, акцепті, офертаны алуды растау) алуды растау жіберушіге оны алғаны туралы растауды жіберу жолымен жүргізіледі, ол электрондық хабарлама болып табылады. 
20. Электрондық сауда мәмілелері бойынша ақша төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру тәсілдері Қазақстан Республикасының ақша төлемі мен аударымы туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Электрондық сауда келісімдері бойынша төлемдерді қайтару «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 4 мамырдағы Заңына сәйкес жүзеге асырылатын болады.
Электрондық саудада Қазақстан Республикасының төлемдер және аударымдар туралы заңнамаларына сәйкес қазақстандық эмитенттермен шығарылған электрондық ақша қолданылады.
21. Салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді айқындау үшін, сондай-ақ салықтық міндеттемелерді есептеу үшін негіздеме болып табылатын есептік құжаттаманы жасау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
22. Тауарды сатып алу-сату туралы ереже, сонымен қоса тауарды қайтару және жеткізу шарттары азаматтық заңнамасымен сондай-ақ «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 4 мамырдағы Заңымен реттеледі.
23. Құжаттарды, жазбаларды немесе өзге ақпаратты сақтау қажет болған кезде мынадай талаптар сақталады: 
1) онда бар ақпарат кейіннен сілтеме жасау үшін пайдаланылуы мүмкін болса,
2) электрондық құжаттар (электрондық хабарламалар) олар құрастырылған, берілген немесе алынған форматты сақтайды, 
3) электрондық құжаттар (электрондық хабарламалар) олар электрондық құжаттарды (электрондық хабарламаны) жіберушіні және алушыны, сондай-ақ оларды құрастыру немесе алу күні мен уақытын айқындауға мүмкіндік беретін шамада сақталады, 
4) электрондық сауда туралы заңнамада немесе тараптар келісімінде көзделген өзге шарттарды сақтау кезінде.
24. Осы Қағидаларының 23-тармағына сәйкес электрондық құжаттарды (электрондық хабарламаны) сақтау мақсатында электрондық саудаға қатысушылар басқа қызметі пайдаланылмаған делдалдың қызметтерін пайдалануы мүмкін. 
25. Ақпараттық жүйенің қате жұмыс істеу себебі бойынша жіберілген қате акцепт бағытталған жағдайда сатып алушы бес күнтізбелік күннен кешіктірмей делдалды көрсетілген фактлер туралы хабардар етеді.
26. Ақпараттық жүйенің қате жұмыс істеуі туралы хабарлама алған делдал ақпараттық жүйе жұмысындағы жүйелік қателіктердің бар болуын тексеруді жүзеге асырады. Ақпараттық жүйенің қате жұмыс істеуі бойынша фактілер дәлелденген кезде делдал сатып алушының қате акцептін қайтарып алуын жүзеге асырады.
Полная версия
ИС BestProfi