Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 676 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 18 желтоқсанда № 12421 болып тіркелді
Редакция 01.01.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық–құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты алған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы Заңына сәйкес 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 6) тармақшаның тотызыншы абзацын қоспағанда, оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, бұл ретте 6) тармақшаның оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы және от жетінші абзацтары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы Заңына сәйкес 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі В. Школьник
Қазақстан Республикасы
 Энергетика Министрінің
 2015 жылғы 30 қарашадағы
 № 676 бұйрығына
 қосымша
Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1) тармақша алынып тасталды (ескертуда қараңыз)
1-тармақша күшін жойды ҚР Энергетика министрінің 27.08.2018 жылғы № 337 Бұйрығына сәйкес (30.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.09.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2) «Техникалық жарақтандырудан кейін электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергия объектілерін пайдалануға қабылдап алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 13 ақпандағы № 90 бұйрығында (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 10453 болып тiркелген, 2015 жылғы 2 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Техникалық жаңғыртылудан кейін электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергия объектілерін пайдалануға қабылдап алу қағидаларын бекіту туралы»;
Полная версия
ИС BestProfi