Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 12.07.2022
Аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 1212 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 29 желтоқсанда № 12619 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2022 жылғы 12 шілдесінен бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 27.06.2022 жылғы № 367 Бұйрығына сәйкес  
Редакция 09.11.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексінің 100-бабы 2-тармағының 23) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Стратегиялық жоспарлау департаменті (Б.Т. Бекенов):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә.Исекешев
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
_______________ А. Мамытбеков
2015 ж. 18 желтоқсан
 
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
_______________ А. Сәрінжіпов
2015 ж. 19 желтоқсан
 
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі
_______________ Т. Дүйсенова
2015 ж. 21 желтоқсан
 
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
_______________ Б. Сұлтанов
2015 ж. 22 желтоқсан
 
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_______________ Е. Досаев
2015 ж. 23 желтоқсан
 
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
_______________ В. Школьник
2015 ж. 24 желтоқсан
 
Қазақстан Республикасы
 Инвестициялар және даму министрінің
 2015 жылғы 18 желтоқсандағы
 № 1212 бұйрығымен
 бекітілді
Аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеу қағидалары
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 23.12.2016 жылғы № 873  Бұйрығына сәйкес (18.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.03.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1. Осы Аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 100-бабы 2-тармағының 23) тармақшасына сәйкес әзірленді және аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен қысқартулар пайдаланылады:
1) аумақтық кластер – түпкі немесе аралық тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өндірушілерді, жиынтықтаушыларды, мамандандырылған көрсетілетін қызметтерді берушілерді, өндірістік және өзге де жабдықтарды өндірушілерді, мамандандырылған инфрақұрылымды жеткізушілерді, ғылыми және зерттеу ұйымдарын, жоғары білім беру ұйымдарын, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын және белгілі бір салалық мамандануы бар басқа ұйымдарды қамтитын өзара байланысқан және бірін-бірі өзара толықтыратын компаниялар мен ұйымдардың географиялық жағынан шоғырланған тобы;
2) аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеуді ұйымдастырушы (бұдан әрі – іріктеуді ұйымдастырушы) – индустриялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 22.10.2020 жылғы № 550 Бұйрығына сәйкес (30.04.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 09.11.2020 жылдан бастап)
Полная версия
ИС BestProfi