Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2016 жылғы 5 қаңтардағы № 1 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 11 қаңтарда № 12838 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 13.10.2016 жылғы № 6 Бұйрығына сәйкес
Осы Бұйрық күшін жойды 2017 жылғы 26 маусымнан бастап ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 23.05.2017 жылғы № 109 Бұйрығына сәйкес
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына, «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 1081 «қбп» қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрінің 14.06.2016 жылғы № 124 Бұйрығына сәйкес (05.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.06.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) бекітілсін.
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарда және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) туралы ереже
1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) (бұдан әрі – Ұлттық бюро) орталық атқару органының құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу мәселелері бойынша және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің ведомствосы болып табылады.
2. Ұлттық бюро өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, осы Ережеге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырады.
3. Ұлттық бюро республикалық мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауымен мөрі және мөртаңбасы, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында шоттары бар.
6. Ұлттық бюро өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Ұлттық бюро Төрағасының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Ұлттық бюроның құрылымы мен штат санын Мемлекеттік қызмет істері министрімен (бұдан әрі - Министр) келісілгеннен кейін Ұлттық бюро Төрағасының ұсынуы бойынша Министрліктің Жауапты хатшысы бекітеді.