Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 19-1/1124 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 21 қаңтарда № 12905 болып тіркелді
Редакция 21.02.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман
шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде
мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Казахстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Ауыл шаруашылығы министрінің
 2015 жылғы 25 желтоқсандағы
 № 19-1/1124 бұйрығына
 қосымша
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1) «Жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда болу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 1 қыркүйектегі № 555 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6530 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2011 жылғы 16 наурыздағы № 90-93 (26495) санында жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда болу ережелерінде:
Полная версия
ИС BestProfi