Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 02.11.2020
Конструкторлық бюролардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 1165 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 1 ақпанда № 12966 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 2 қарашадан бастап ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 12.10.2020 жылғы № 380/НҚ Бұйрығына сәйкес 
2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексі 100-бабының 2-тармағының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 
1. Қоса беріліп отырған Конструкторлық бюролардың жұмыс істеу қағидалары бекітілсін.
2. «Салалық конструкторлық бюролардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 172 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11556 болып тіркелген, 2015 жылғы 18 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Технологиялық және инновациялық даму департаменті (А.Б. Батырқожа):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде оның 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-миниcтріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы А. Рау
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасының 
Қаржы министрі 
__________________ Б. Сұлтанов 
2015 жылғы 11 желтоқсан

«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасының 
Ұлттық экономика министрі 
_________________ Е.Досаев 
201__ жылғы «_____» __________

«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасының 
Ұлттық экономика министрінің 
міндетін атқарушы 
__________________ М. Құсайынов 
2015 жылғы 30 желтоқсан
Қазақстан Республикасы
 Инвестициялар және даму министрінің
 міндетін атқарушының
 2015 жылғы 4 желтоқсандағы
 № 1165 бұйрығымен бекітілген
Конструкторлық бюролардың жұмыс істеу қағидалары
1. Осы Конструкторлық бюролардың жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексі 100-бабының 2-тармағының 12) тармақшасына сәйкес әзірленді және конструкторлық бюролардың жұмыс істеу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:
1) алушы – осы Қағидаларға сәйкес конструкторлық бюролардың қызметтерін көрсету үшін өтініші қабылданған өтініш беруші;
2) бірлесіп орындаушы – алушыға конструкторлық бюролар қызметін көрсету шеңберінде жеке іс-шараларды іске асыру үшін конструкторлық бюроларға тартылған, қажетті ресурстар мен мамандықтарды меңгерген жеке немесе заңды тұлға;
Полная версия
ИС BestProfi