«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 15.10.2020
Техникалық реттеу және метрология саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 26 маусымдағы № 730 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 24 шілдеде № 11764 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 15 қазаннан бастап ҚР Сауда және интеграция министрінің 14.09.2020 жылғы № 197-НҚ Бұйрығына сәйкес
Редакция 16.07.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 04.12.2015 жылғы № 1151 Бұйрығына сәйкес (26.06.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.02.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.12.2018 жылғы № 945 Бұйрығына сәйкес (12.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 05.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат беру»;
2) көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификат беру»;
3) көрсетілген бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын жасау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру»;
4) көрсетілген бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы аумағында қолданылатын халықаралық, өңiрлiк стандарттарды және шет мемлекеттердің стандарттарын, шет мемлекеттердің ұйымдарының стандарттарын, техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерін стандарттау, сәйкестiктi растау және аккредиттеу жөніндегі қағидаларын, нормалары мен ұсынымдарын есепке алу»;
5) көрсетілген бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Мемлекеттік басқару органдарының метрологиялық қызметтерінің, жеке және заңды тұлғалардың қызметті жүзеге асыру жөніндегі нормативтік құжаттарды келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттары бекітілсін.
6) көрсетілген бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Сәйкестікті растау, аккредиттеу, тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторды аттестаттау»;
7) көрсетілген бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы өлшемдердің мемлекеттік жүйесінің тізілімінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінде әзірленген және аттестатталған өлшемдерді орындау әдістемелерін тіркеу»;
8) көрсетілген бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес «Шет елдік шығарылымның стандартты үлгісін пайдалануға рұқсат»;
9) көрсетілген бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес «Мемлекеттік стандарттық үлгісін бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (Б.Б.Қанешев):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Полная версия