1. «Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит бойынша сараптама ұйымдарын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) 010000, Астана қаласы Мәңгілік ел даңғылы 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 2-кіреберіс мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 394 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11308 болып тіркелген) бекітілген «Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит бойынша сараптама ұйымдарын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты) негізінде көрсетеді.
Внимание! Документ утратил силу с 31.03.2020
Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 мамырдағы № 475 бұйрығына 4-қосымша
4-қосымша күшін жойды 2020 жылғы 31 наурыздан бастап ҚР Ішкі істер министрінің 16.03.2020 жылғы № 218 Бұйрығына сәйкес Осы Бұйрық 4-қосымшамен толықтырылды ҚР Ішкі істер министрінің 18.12.2015 жылғы № 1031 Бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.02.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
«Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит бойынша сараптама ұйымдарын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Осы Регламент өзгертілді ҚР Ішкі істер министрінің 04.07.2017 жылғы № 472 Бұйрығымен (18.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды Осы Регламент жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 22.01.2019 жылғы № 47 Бұйрығына сәйкес (04.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 05.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Осы Регламент күшін жойды 2020 жылғы 31 наурыздан бастап ҚР Ішкі істер министрінің 16.03.2020 жылғы № 218 Бұйрығына сәйкес
1-тарау. Жалпы ережелер
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны – электрондық (толық автоматтандырылған).
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит бойынша аккредиттеу аттестаты (бұдан әрі – аккредиттеу аттестаты) не мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны электрондық.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес құжаттардың тізбесі қоса бере отырып мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алуға электронды сұрау салуы негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындалу ұзақтығы:
1) кеңсе қызметкері құжаттарды қабылдауды, оларды порталда тіркеуді жүзеге асырады, көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат (хабарлама) алады - орындау уақыты 30 минут;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы өтінішті орындаушыны анықтайды - орындау уақыты 30 минут;
3) жауапты қызметкер ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту жолданады – орындау мерзімі екі жұмыс күні;
4) құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде орындаушы ұсынылған құжаттарды зерделейді және көрсетілетін қызметті алушыны «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті ақпараттық жүйелерден «Сараптама ұйымдарына қойылатын рұқсат беру талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 13 ақпандағы № 110 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10496 болып тіркелген) рұқсат беру талаптарына сәйкестігі мәніне тексереді – орындау мерзімі төрт жұмыс күні;
5) орындаушы көрсетілетін қызметті алушыға тиісті тексеру жүргізгеннен кейін қағаз форматта көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына аттестат беру құқығына арналған құжаттарды қоса бере отырып немесе аттестат беруден дәлелді бас тарту туралы баянат (анықтама) жасайды және «Е-лицензиялау «Мемлекеттік деректер базасы» ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – «Е-лицензиялау» МДБ» АЖ») мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қалыптастырады. Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы электрондық нәтижеге қол қояды және оны портал арқылы беруді жүзеге асырады - орындау мерзімі бір жұмыс күні.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жолданады.
6. Мынадай рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі):
1-іс-қимыл - порталда тіркеу және кіріс нөмірін беру;
Полная версия