Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру, оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен), азаматтықтан шығу, азаматтықты жоғалту мен одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері бойынша өтінішхаттарды (өтініштерді) ішкі істер органдарының қабылдау, ресімдеу және қарау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 85 бұйрығы.
 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 4 наурызда № 13391 болып тіркелді
Бұйрықтың атауы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 28.07.2017 жылғы № 514 Бұйрығына сәйкес (25.11.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.09.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 11.07.2018 жылғы № 505 Бұйрығына сәйкес (28.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.08.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Редакция 22.10.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабына, «Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 28.03.2020 жылғы № 260 Бұйрығына сәйкес (11.07.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.04.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 27.08.2020 жылғы № 599 Бұйрығына сәйкес (28.03.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 24.06.2021 жылғы № 366 Бұйрығына сәйкес (27.08.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру, оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен), азаматтықтан шығу, азаматтықты жоғалту мен одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері бойынша өтінішхаттарды (өтініштерді) ішкі істер органдарының қабылдау, ресімдеу және қарау қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 28.07.2017 жылғы № 514 Бұйрығына сәйкес (25.11.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.09.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 11.07.2018 жылғы № 505 Бұйрығына сәйкес (28.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.08.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2. Осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3.  Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықтың көшірмесін күнтізбелік он күн ішінде тіркелген күннен бастап Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға жолдауды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
5) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрық мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Заң департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көші-қон полициясы департаменті, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың, ішкі істер департаменттері:
1) осы бұйрықты көші-қон полициясы бөліністері жеке құрамының зерделуін ұйымдастырсын және оның талаптарын мүлтіксіз орындауды қамтамасыз етсін;
2) сауалнама-өтініштердің, анықтамалар мен журналдардың (Қағидаға 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13-қосымшалар ) бланкілерін дайындауды қамтамасыз етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көші-қон полициясы департаментіне (С.С. Сайынов) жүктелсін.
6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр полиция генерал-полковнигі Қ. Қасымов
Қазақстан Республикасы
 Ішкі істер министрінің
 2016 жылғы 28 қаңтардағы
 № 85 бұйрығына
 1-қосымша
Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру, оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен), азаматтықтан шығу, азаматтықты жоғалту мен одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері бойынша өтінішхаттарды (өтініштерді) ішкі істер органдарының қабылдау, ресімдеу және қарау қағидалары
Қағидалардың атауы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 28.07.2017 жылғы № 514 Бұйрығына сәйкес (25.11.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.09.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Қағидалардың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 11.07.2018 жылғы № 505 Бұйрығына сәйкес (28.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.08.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 11.07.2018 жылғы № 505 Бұйрығына сәйкес (28.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.08.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Полная версия
ИС BestProfi