«Нормативтік құқықтық актілері туралы» Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 22.11.2020
"Көмірсутек шикізатын, сондай-ақ көмір және уранды қоспағанда, жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 521 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 80 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 1 наурызда № 13361 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 22 қарашадан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 30.10.2020 жылғы № 567 Бұйрығына сәйкес
1. «Көмірсутек шикізатын, сондай-ақ көмір және уранды қоспағанда, жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 521 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11606 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылзы 13 қарашада жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартында:
3 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік қызмет облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі- Мемлекеттік корпорация);
3) «электрондық үкіметтің» веб-порталы аркалы жүзеге асырылады.
4 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) Мемлекеттік корпорацияға тапсырған күннен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 5 (бес) жұмыс күні.
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.»;
8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден бастап сағат 18.30-ға дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден бастап сағат 14.30-ға дейін.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру сағат 9.00-дан 17.30-ға дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден бастап сағат 14.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.
2) Мемлекеттік корпорацияның – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, сағат 9.00-дан бастап сағат 20.00-ға дейін үзіліссіз.
Мемлекеттік қызмет жеделдетіп қызмет көрсетусіз, «электрондық кезек» тәртібімен көрсетіледі, электрондық кезекті портал арқылы брондауға болады.
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бөйынша өтініш;
белгіленген тәртіппен қол қойылған жер қойнауын пайдалану құқығының кепілі туралы шарт (түпнұсқа үш данада);
көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттіктерін растайтын құжат (сенімхат).
2) Мемлекеттік корпорацияға:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бөйынша өтініш;
белгіленген тәртіппен қол қойылған жер қойнауын пайдалану құқығының кепілі туралы шарт (түпнұсқа үш данада);
көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттіктерін растайтын құжат (сенімхат);
жеке басын куәландыратын құжат (қызметті алушының сәйкестендіру үшін).
Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған заңды тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттар, оны мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорация қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету мониторингі ақпараттық жүйесі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден мемлекеттік органдардың уәкілетті тұлғаларының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.
Мемлекеттік корпорация қызметкері мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті берушінің жазбаша келісімін алады.
Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттарды қабылдау кезінде түпнұсқалардың түпнұсқалығын қайта шығарылған құжаттардың электрондық көшірмелерімен салыстырып тексереді, содан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
3) порталға:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында сұрауы;
белгіленген тәртіпте қол қойылған жер қойнауын пайдалану құқығының кепілі туралы шарттың электрондық көшірмесі:
көрсетілетін қызметті алушы өкілінің уәкілеттілігін дәлелдейтін құжат (сенімхат).
Мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелердегі көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік органдардың уәкілетті тұлғаларының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушының барлық қажетті құжаттарын беру кезде:
1) Көрсетілетін қызметті берушіге (пошта байланысы арқылы немесе қолма-қол) – өтінішті қағаз тасығышта қабылдауды растау құжаттарды қабылдау күні мен уақытын көрсетуімен көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде оның көшірмесін тіркеу туралы белгі болып табылады.
2) портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынуға арналған сұраудың мәртебесі көрсетіледі.
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағындану тәртібі»;
10-тармақтың төртінші, бесінші және алтыншы бөлігіктері мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым осы мемлекеттік көрсететін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Мемлекет корпорация басшысына жіберіледі.
Мемлекеттік корпорация кеңсесінде қолма-қол, сол сияқты пошта арқылы келіп түскен шағымды қабылдауды растау оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасында немесе шағымға ілеспе хатта қойылады) болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті жергілікті атқарушы органының немесе Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қараудың нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе облыстардың, республикалық маңызды бар қаланың, астананың тиісті жергілікті атқарушы органының кеңсесінде қолма-қол беріледі.»;
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетудің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар»;
12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсың:
«12. Денсаулық жағдайына байланысты Мемлекеттік корпорацияға жеке өзі келуге мүмкіндігі жоқ көрсетілетін қызметті алушылардан мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорация қызметкері (қағаз тасығышты толтырылған жағдайда) көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жеріне барып жургізеді.»;
13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Мемлекеттік корпорацияның www.con.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
көрсетілген стандартқа 2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа жэне электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-қүқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік қүқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық қүқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн он жұмыс күні iшiнде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгiнiң Заң департаментiне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәлiметтердi ұсынуды қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-миниcтріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң, бірақ 2016 жылғы 1 наурыздан бұрын емес қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму Министрінің міндетін атқарушы Ж. Қасымбек
«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика Министрі _____________ Е. Досаев 2016 жылғы 1 ақпан
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму Министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 80 бұйрығына қосымша
«Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепiл шартын тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша
Нысан
(көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты,
бар болса әкесінің аты (бұдан әрі – Т.А.Ә.)
немесе ұйымынаң атауы)
___________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)
ӨТІНІШ
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Осы өтініш әр тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалады.
_________________________________________________ __________
Т.А.Ә. (Мемлекеттік корпорация қызметкері) (қолы)
Орындаушы: Т.А.Ә. ____________
Телефон _________
Алдым: Т.А.Ә./көрсетілетін қызметті алушының қолы
20__жылғы «___» ___________
Полная версия