«Құқықтық актiлер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 03.08.2018
"Экспорттаушы 2020" және "Өнімділік 2020" бағдарламалары шеңберінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 7 қазандағы № 981 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 28 сәуірдегі № 410 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 1 маусымда № 13758 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2018 жылғы 3 тамыздан бастап ҚР Инвестициялар және даму министрінің 15.06.2018 жылғы № 451 Бұйрығына сәйкес
1. «Экспорттаушы 2020» және «Өнімділік 2020» бағдарламалары шеңберінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 7 қазандағы № 981 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12269 болып тіркелген, 2015 жылғы 19 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Отандық өңделген тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің экспортын дамыту мен жылжытуға және еңбек өнімділігін арттыруды қолдауға бағытталған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы»;
«7) осы бұйырыққа 7-қосымшаға сәйкес «Индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарының әзірлемесіне және/немесе сараптамасына кететін шығындардың орнын толтыру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.»;
осы бұйырықпен бекітілген «Өнімділік 2020» бағдарламасы шеңберінде инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу немесе сараптама жасау үшін шығындардың бір бөлігін төлеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарының әзірлемесіне және/немесе сараптамасына кететін шығындардың орнын толтыру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті»;
«1. Индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарының әзірлемесіне және/немесе сараптамасына кететін шығындардың орнын толтыру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Қазақстандық индустрия дамыту институты» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) және кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – КҚКО) көрсетеді.
Мемлекеттік кызметті көрсету үшін өтініштерді қабылдау көрсетілетін қызметті беруші немесе КҚКО арқылы жүзеге асырылады, ал нәтижелерді беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.»;
«3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – шығындардың орнын толтыру жөніндегі келісім.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – қағаз жүзінде.»;
«4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіздеме «Отандық өнделген тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің экспортын дамыту мен жылжытуға және еңбек өнімділігін арттыруды қолдауға бағытталған мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 шілдедегі № 839 бұйрығымен (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 12060 болып тіркелген) бекітілген Индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарының әзірлемесіне және/немесе сараптамасына кететін шығындардың орнын толтыру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес өтінімді ұсыну болып табылады.»;
«9. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдерінің (іс-қимылдардың) бірізділігінің, өзара іс-қимылдарының толық сипаттауы, сондай-ақ өзге көрсетілетін қызметті берушілермен және (немесе) кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарымен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы регламентке қосымшаға сәйкес «Индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарының әзірлемесіне және/немесе сараптамасына кететін шығындардың орның толтыру» Мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.»;
«1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінің немесе КҚКО маманының өтінімді бір жұмыс күні ішінде қабылдауы және тіркеуі;»;
«5) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің немесе КҚКО маманы.»;
«1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің немесе КҚКО маманының он бес минуттың ішінде өтінімді қабылдауы және тіркеуі;»;
«Индустриялық–инновациялық жобаның кешенді жоспарының әзірлемесіне және/немесе сараптамасына кететін шығындардың орнын толтыру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Казахстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә. Исекешев
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 28 сәуірдегі № 410 бұйрығына қосымша
«Индустриялық–инновациялық жобаның кешенді жоспарының әзірлемесіне және/немесе сараптамасына кететін шығындардың орнын толтыру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қосымша
«Өнімділік 2020» бағдарламасы шеңберінде инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу немесе сараптама жасау үшін шығындардың бір бөлігін төлеу» мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы
Полная версия