• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі "Салааралық ақпарат ғылыми-техникалық орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорнының кейбiр мәселелерi
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
Осы редакция 28.10.2004 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі "Салааралық ақпарат ғылыми-техникалық орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорнының кейбiр мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 тамыздағы N 921 Қаулысы       
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң "Салааралық ақпарат ғылыми-техникалық орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрi - Орталық) Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң қарамағына берiлсiн.
2. Орталықтың мемлекеттiк басқару органы болып Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлігі белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен: 
1) Орталықтың жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiне бекiтуге ұсынсын; 
2) Орталықты әдiлет органдарында мемлекеттiк қайта тiркеудi қамтамасыз етсiн; 
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. Қоса берiліп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының