Bestprofi Logo

Қаулы № 277 от 2003-03-20г./Қазақстан Республикасының Үкіметі

Степногор қаласында биотехнологиялық өндiрiстi дамыту туралы

Отправить на почту


Языки документа

Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Документ на казахском языке

Степногор қаласында биотехнологиялық өндiрiстi дамыту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 наурыздағы N 277 қаулысы

"Инновациялық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 шiлдедегi Заңына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күшi бар Жарлығының 16-бабына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 10 мамырдағы N 617 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының инновациялық даму бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

1. Қоса берiлiп отырған Степногор қаласындағы "Прогресс" ғылыми-өндiрiстiк бiрлестiгiнiң техника паркi ашық акционерлiк қоғамында биотехнологиялық өндiрiстi қалыптастырудың және дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекiтiлсiн.

2. "Фармацевтикалық биотехнология институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекеттiң жүз пайыз қатысуымен "Фармацевтикалық биотехнология институты" ашық акционерлiк қоғамына (бұдан әрi - 1-Қоғам) қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

3. "Ақмола мемлекеттiк медицина академиясы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны медициналық-биологиялық факультетiнiң базасында жарғылық капиталына мемлекеттiң жүз пайыз қатысуымен "Биотехнология жөнiндегi бiлiм беру орталығы" ашық акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - 2-Қоғам) құрылсын.

4. Жарғылық капиталына мемлекеттiң кемiнде 51% мөлшерiнде қатысуымен "Прогресс" ғылыми-өндiрiстiк бiрлестiгiнiң техника паркi" ашық акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - 3-Қоғам) құрылсын.

5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгiмен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен:

1) 1-Қоғам, 2-Қоғам және 3-Қоғам жарлықтарын бекiтсiн және олардың әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеудi қамтамасыз етсiн;

1-Қоғам, 2-Қоғам және "Биомедпрепарат" ашық акционерлiк қоғамы акцияларының мемлекеттiк пакетiн беру;

осы қаулыға қосымшада көрсетiлген ұйымдардың тиiстi үлестерiн беру мақсатында қажеттi iс-шараларды жүргiзу жолымен қалыптастыруды қамтамасыз етсiн;

3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

6. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен Бағдарламаны iске асыруға Ғылым қоры қаражатынан Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" республикалық мемлекеттiк мекемесiнiң 2003 жылы 150 000 000 (бip жүз елу миллион) теңге бөлуiн қамтамасыз етсiн.

7. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.

8. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 наурыздағы N 277 қаулысымен бекітілген

Степногор қаласындағы "Прогресс" ғылыми-өндірістік бірлестігінің техника паркі" ашық акционерлік қоғамында биотехнологиялық өндірісті қалыптастырудың және дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы

Атауы - Степногор қаласындағы "Прогресс"

ғылыми-өндiрiстiк бiрлестiгiнiң техника паркi"

ашық акционерлiк қоғамында биотехнологиялық

өндiрiстi қалыптастырудың және дамытудың

Негiзгi әзiрлеушi - Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым

Әзiрлеу үшін - "Инновациялық қызмет туралы" Қазақстан

негiздеме Республикасының 2002 жылғы 3 шiлдедегi Заңы,

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы

Қазақстан Республикасының инновациялық даму

бағдарламасы, Қазақстан Республикасы

биотехнологиялық өнiм өндiрудi ғылыми-

техникалық қамтамасыз ету және ұйымдастыру"

республикалық ғылыми-техникалық бағдарлама,

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы

12 шiлдедегi N 1059 қаулысымен мақұлданған

Қазақстан Республикасының ғылыми және

ғылыми-техникалық саясатының тұжырымдамасы.

Бағдарламаның - Денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы және

мақсаты өнеркәсiп үшiн биотехнологиялық өнiм

(антибиотиктер, амин қышқылдары, ферменттер,

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание