• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтауға ұсынудың және оларды тапсырудың тәртібі туралы нұсқаулықты, Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары құжаттарының үлгілерін және Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары белгілерінің сипаттамасын бекіту туралы
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтауға ұсынудың және оларды тапсырудың тәртібі туралы нұсқаулықты, Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары құжаттарының үлгілерін және Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары белгілерінің сипаттамасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімі 1999 жылғы 8 қараша N 90

Осы редакция 08.09.2010 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы"  Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабына сәйкес және Қазақстанның мемлекеттік наградаларымен наградтауға ұсынуды, оларды есепке алу мен сақтауды ретке келтіру мақсатында:
1. Ұсынылып отырған: 
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтауға ұсынудың және оларды тапсырудың тәртібі туралы нұсқаулық (N 1 қосымша); 
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары құжаттарының үлгілері (N 2 қосымша); 
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары белгілерінің сипаттамасы бекітілсін (N 3 қосымша).
2. Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Басшысы Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларын және олардың құжаттарын есепке алу мен сақтау тәртібі туралы нұсқаулықты әзірлеп, бекітсін.
3. Осы Жарлықтың 2-тармағында көзделген Нұсқаулықтың талаптары мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар үшін, өздеріне қатысты бөліктерінде, міндетті деп белгіленсін.
Қазақстан Республикасының 
Президенті
N 1 қосымша
 Қазақстан Республикасы Президентінiң
 1999 жылғы 8 қарашадағы N 90
 өкiмiмен бекітілді
Қазақстан Республикасының мемлекеттік  
  наградаларымен наградтауға ұсынудың және  
  оларды тапсырудың тәртiбi туралы  
  Нұсқаулық 
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен  
  наградтауға ұсынудың тәртібі 
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтауға ұсыну "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. 
Награданың түрi наградтауға ұсынылған адамның сiңiрген еңбегiнiң сипаты мен дәрежесi, ең жоғары дәрежелi ерекшелiк белгiлерi - "Алтын Қыран" орденi мен "Халық қаһарманы" және "Қазақстанның Еңбек Ері" атақтарының, Қазақстан Республикасы ордендерiнiң, медальдарының, құрметті атақтары мен Құрмет грамотасының мәртебелерi ескерiле отырып белгіленедi. 
1-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 01.12.2009. № 278 Өкімімен. (01.12.2008 жылғы редакцияны қараңыз)
2. "Алтын Қыран" орденiмен наградтауға кандидатураларды Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды. 
Өзге мемлекеттік наградалармен наградтау жөнiнде Қазақстан Республикасының Президентiне Қазақстан Республикасының Парламентi, Yкiметi, министрлiктер, агенттіктер, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдар, шығармашылық одақтар мен басқа да ұйымдар ұсыныстар бередi. 
Наградтауға кандидатураларды еңбек ұжымдары қарап, ұсына алады. Бұл жөнiнде награда қағазына жазылады.
3. Дәрежелерi бар наградалардан басқа бiр наградаға екiншi рет қайталап ұсынуға жол берілмейді. 
Көп балалы аналарды наградтауды және қаһармандық ерлік жасауға, қиын-қыстау жағдаяттарға байланысты айрықша жағдайларды қоспағанда, кезекті наградаға бұдан бұрынғы наградтаудан кейiн кемiнде бес жыл өткен соң ғана ұсынуға болады.
3-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 25.03.2007. № 114 өкімімен. (08.11.1999 жылғы редакцияны қараңыз)
4. Мемлекеттiк наградаға ұсынылушының әрқайсысына белгіленген үлгідегі награда қағазы толтырылады (N 1 және N 2 нысандары қоса беріліп отыр). 
Награда қағазында ( N 1 нысан ) наградталушының жеке басын, оның жұмыс істеген саладағы және осы ұжымдағы жалпы еңбек өтiлiн, сiңiрген нақты еңбегін сипаттайтын деректер, жұмысының тиiмдiлiгi мен сапасы туралы мәлiметтер баяндалады; өндiрiсте еңбек ететiндерге - жұмысының негiзгi нәтижелерi, сондай-ақ ол аталып өтуi мүмкiн награда көрсетіледi. 
Награда қағазына ұйым басшысы қол қояды. 
Бiрiншi басшының награда қағазына жоғары тұрған органның басшылығы қол қояды. 
Награда қағаздары оларға басшылығы қол қойған ұйымдардың мөрлерiмен тиянақталады. Тиiстi наградаға ұсынылған көп балалы анаға белгiленген үлгiдегi награда қағазы ( N 2 нысан ) толтырылады. 
Награда қағаздарын: жұмыс iстейтiн аналарға жұмыс орны, жеке-дара еңбек ететіндер мен жұмыс істемейтiн аналарға жергiлiктi атқарушы органдар толтырады және олардың қойған қолымен және мөрлерiмен куәландырылады. 
Награда қағаздары (N 2 нысан) ана мен балалардың жеке құжаттарының негізiнде толтырылады, ал хабарсыз кеткен немесе "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы" Заңның 28-бабында көрсетiлген жағдайларда қаза тапқан балаларға анықтамалар немесе тиiстi органдардың басқа да дәлелдейтiн құжаттары ұсынылады. 
Балаларды растайтын анықтамалар бiр жыл iшiнде жарамды. 
Награда қағаздары компьютерлік техниканы қолдана отырып толтырылады. 
"Халық қаһарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атақтарына және құрметті атақтарға ұсынылғандардың награда қағаздарымен бірге 3х4 көлемді екі фотосуреті қоса жіберіліп, олардың сыртқы бетіне тектері мен аты-жөні көрсетілуге тиіс. 
Дұрыс толтырылмаған және Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның отырысына дейін отыз күннен кем мерзімде келіп түскен награда құжаттары қарауға қабылданбайды.
4-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 25.03.2007. № 114, 01.12.2009. № 278 Өкімдерімен. (08.11.1999 жылғы редакцияны қараңыз)
5. Наградтауға кандидатураны еңбек ұжымы ұсынған жағдайда, награда қағазы мен наградтау туралы еңбек ұжымының өтiнiмi келiп түскен материалдарды қарап, ұсыным әзiрлейтiн тиісті атқарушы органдарға немесе министрліктерге, мемлекеттік комитеттерге, шығармашылық одақтарға, қоғамдық ұйымдарға, әскери ведомстволарға және басқа органдарға жiберiледi.
6. Қазақстан Республикасы Президентiнiң атына: 
- меншiк нысандарына қарамастан ұйымдардың, жергiлiктi мемлекеттiк органдардың қызметкерлерiне, аймақтық қоғамдық бiрлестiктердiң өкiлдерiне - облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi; 
- орталық мемлекеттiк органдардың, Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретін органдардың, республикалық шығармашылық одақтар мен қоғамдық ұйымдардың қызметкерлерiне - осы ұйымдардың басшылары; 
- орталық мемлекеттiк органдардың, Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн органдардың бiрiншi басшыларына, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi мен мәслихаттарының хатшыларына - Қазақстан Республикасының Парламентi мен Үкiметi ұсыныстар бередi; 
- наградтауға ұсынылғандардың әрқайсысына ұсыныс жеке дайындалады.
7. Қорғаныс министрлiгiнiң, Iшкi iстер министрлiгiнiң, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, Республикалық ұланның, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметінiң әскери қызметшілерi мен қызметкерлерiн, сондай-ақ осы органдардың азаматтық контингентiн наградтау туралы ұсыныс жасау тәртiбiн осы органдардың басшылығы белгiлейдi.
8. Қазақстан Республикасының шет елдерде жұмыс істейтiн азаматтарын, сондай-ақ шетел азаматтарын және шет елдерде тұратын азаматтығы жоқ адамдарды наградтау туралы ұсынысты Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi немесе республиканың Сыртқы істер министрлiгiмен келiсе отырып, басқа да министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер, өзге де орталық атқарушы органдар бередi.
9. Республика аумағында тұратын шетел азаматтарын наградтауға ұсыну жалпы негiздерде жүргiзiледi.
10. Наградтауды алдын ала қарап, ұсыныстар әзiрлеу үшiн Қазақстан Республикасы Президентінiң жанынан Мемлекеттiк наградалар жөнiндегi комиссия құрылады. 
Комиссияның наградтау жөнiндегi өтiнімдердi қарау нәтижелерi туралы кандидатураны ұсынған органға ауызша түрде хабарланады. 
Комиссияның наградтау немесе наградтамау жөнiндегi шешiмiне азаматтардың арыздары мен өтiнiштерi қаралмайды.
11. Қазақстан Республикасы Президентiнiң мемлекеттiк наградалармен наградтау туралы Жарлықтары "Қазақстан Республикасының президентi мен Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң актiлер жинағында", республикалық және жергiлiктi баспасөзде жарияланып, теледидар мен радио арқылы беріледi.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк  
  наградаларын тапсыру тәртiбi 
12. Мемлекеттiк наградаларды тапсыру салтанатты және жария жағдайда, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы күшiне енгеннен бастап екi ай мерзiмнен кешiктірмей жүргізіледі. 
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградаларын Қазақстан Республикасының Президентi тапсырады. 
Қазақстан Республикасы Президентiнiң тапсыруы бойынша мемлекеттiк наградаларды сондай-ақ: 
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк хатшысы;